Рухани жаңғыру

Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылып жатыр

Язев көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Жалпықазақстандық кекушинкай каратэ ұйымы» РҚҰ есебінен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Қарағанды 16 Тамыз, 20:47

Облыс  әкімдігі  хабарлағандай,  аулада жасанды көгалы бар футбол алаңы, балаларға арналған ойын алаңы және street workout айналысуға арналған алаңқай жабдықталған. Сонымен қатар аула клубы үшін ғимарат салынуда. 

15-ші тамызда жаңа футбол алаңында каратэшілер үлгілі өнер көрсетті, сондай-ақ спорт шебері және спорт шебері кандидаты куәліктері табыс етілді. 

Абаттандырылған кешеннің ашылу салтанаты 15-ші қыркүйекке жоспарланып отыр.

 





Яндекс.Метрика