- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 көрмесінде Қытайдың Ганьсу провинциясының күні өтті
ЭКСПО-2017 көрмесінде Қытайдың Ганьсу провинциясының күні өтті
Қазақстандық инвестициялық агенттіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, шараның бағдарламасы аясында Ганьсу провинциясының ресми өкілдерінің іскерлік кездесулері, аталмыш аймақтың сауда-экономикалық әлеуетінің таныстырылымы өтті, сонымен қатар, көне қытайлық театр өнерінің бишілері мен әртістері өз өнерін көрсетті.
Қытайлық делегацияны Ганьсу провинциясының вице-губернаторы - Хуан Чян бастап келді. Сонымен қатар, Провинция күнінің жұмысына аталмыш аймақтың үкімет мүшелері, оның ішінде Цзюцюань қалалары мен Ганнань Тибет автономды округының мәрларының орынбасарлары, Қытайдың халықаралық саудасына көмектесу бойынша Төрағаның орынбасары Ван Цзиньчжэнь атсалысты.
«Қазақстан мен қытайлық Ганьсуды екі маңызды құрам байланыстырады, ғарыш айлағы мен логистика. Қазақстандағы Байқоңыр мен Ганьсудағы Цзюцюань ғарыш айлақтары 20-ғасырдың 60-жылдары бастау алған. Ғарышты игеру өте жоғары технологияларды қажет етеді. Бұл технологиялар бізге өзге бағыттар бойынша көмектесе алады және де көмектесуі керек. Осы ретте, Ганьсу провинциясы күніне Қорғаныс және әуеғарыш өндірісі министрлігінің өкілдерінің қатысып отырғаны қуантады», -деді Қазақстандық инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің басшысы Айдын Байедилов.
Өз кезегінде Ганьсу Вице-губернаторы Хуан Чян Қазақстан мен Қытай арасындағы тығыз байланысты атап өтті.
«Қытай мен Қазақстанды жоғары деңгейдегі тығыз байланыстар байланыстырады және ол өзара сенім арқылы қолдау тауып жүр. Ганьсу мен Қытай экономикалық қатынастарды жан-жақты дамытуда үлкен мүмкіндіктерге ие», - деп түйді ол.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары -
14 маусым - Дүниежүзілік донор күні: Қан тапсыру қауіпті ме -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
17 мамыр - байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті