• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысы Үшқарасу ауылында сумен жабдықтау жүйесі қайта жаңғыртылды

Ақмола облысы Үшқарасу ауылында сумен жабдықтау жүйесі қайта жаңғыртылды

6 Қаңтар, 2014 09:00
Ақмола облысы, Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылында сумен қамту жүйесі тапсырылды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылында қашықтығы 7,7 км болатын сумен қамту жүйесі тапсырылды.  Бұл жобаға  республикалық бюджеттен 172,6 млн теңге бөлінген», - делінген хабарламада.  

Өткен 2005-2010 жылдар аралығында «Сапалы су» бағдарламаласы  аясында Жарқайың ауданында 12 елді-мекенде  және Державин  қаласында 13 нысан қолданысқа берілген.

Мұның барлығы республикалық және облыстық бюджет трансферттері арқылы  жүзеге асырылды.  Енді биыл «Ақбұлақ»  бағдарламасы  аясында  Кең және Отрад  ауылдарындағы жер асты сумен қамту жүйелерінде  жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

Барлық жаңалықтар