- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысының инвестициялық портфелінде 49 жоба бар
Маңғыстау облысының инвестициялық портфелінде 49 жоба бар
Шара аясында өңір басшысы Маңғыстау облысының инвестициялық потенциалы туралы баяндады.
« Елбасы алға қойған міндеттерді іске асыруда, соның ішінде инвестиция тарту бағытында Маңғыстау облысында қол жеткен жетістіктер баршылық. Бүгінгі таңда облыстың инвестициялық портфелінде жүзеге асып жатқан 49 жоба және 2 млрд. АҚШ доллар сомасына бірнеше жобаны іске асыру көзделген. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы іске қосылғаннан бері 74 млрд.теңге инвестиция тартылып, 231 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Бюджетке 19 млрд.теңге көлемінде салықтар төленді. Аймақта 12 мекеме белсенді қызмет етуде және мыңнан астам жұмыс орнын құрылды. Осы орайда Маңғыстау облысының әлеуеті зор, келешегі келісті деп білемін. Оған бірнеше себеп бар», – деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Басқосу аясында Маңғыстау облысы әкімдігі мен бірнеше шетелдік компаниялар арасында меморандумға қол қойылды. Мұнайлы Маңғыстау қытайлық инвесторлармен экономиканың сан түрлі саласында сенімді серіктестік орнатып келеді. Мәселен, теңіз инфрақұрылымын дамыту және жел стансалары құрылысы жобасы бойынша «SANY Group» мекемесі мен облыс әкімі Ералы Тоғжанов меморандумға қол қойды.
Ал, «СITIC Group Corporation» корпорациясының өкілдері Маңғыстау облысы Қаражанбас кенорнында су тұщыту зауытын салу жобасын іске асырмақшы. Осы мақсатта өңір басшысы Ералы Тоғжанов пен шетелдік компания басшысы арасында екі жақты меморандумға қол қойды.
Ақтау қаласының әкімі Серікбай Трұмов Италия елінің өкілімен Лонига қаласы арасында бауырластық жөніндегі келісімге қол қойды. Мақсат - қос қаланың мәдени салада байланыстарын нығайтып, туризм және әлеуметтік-экономикалық салалардың дамуына ықпал ету, тәжірибе алмасу.
Сондай-ақ, облыс әкімі Фин елінің «Варсила» мекемесімен Маңғыстауда 250 мегаваттық электрстанциясын салу жөнінде келісім шартқа қол қойды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан шетел инвестицияларын тарту ісіндегі көшбасшылығын сақтап қалу қажеттілігінің маңыздылығын атап өткен болатын. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында Маңғыстау облысында шетел инвесторларын тарту бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары