- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада әлемнің үздік хирургтары жиналады
Астанада әлемнің үздік хирургтары жиналады
«Бұл қауымдастық 27 жыл бұрын ұйымдастырылған болатын. Егер жалпы кәсіптік қауымдастықтар туралы айтатын болсақ, олар ұлттық және халықаралық болады. Әлемнің барлық кардиоваскулярлық және торакальды хирургтарын Дүниежүзілік қауымдастыққа біріктіру идеясы туындады. Конгресс өткізуге әрбір ел өзін алдын ала ұсынады. Біз 2014 жылы ұсындық. Конкурс Женева қаласында өтті. Ол кезде ұсыныс берген бес елдің ішінен Қазақстан жеңіп алды. Іріктеу критерийлері экономикалық тұрақтылық, қауіпсіздік және кәсіптік даму деңгейі болған еді. Мұнда кардиохирургия саласындағы даму жайында сөз қозғалады», - деп ақпараттандырды Юрий Пя.
Орталық басшысы атап өткендей, конгреске дайындық 2014 жылдан бастап жүріп келеді.
«Бұл біз үшін өте маңызды оқиға болмақ, себебі бұл кәсіптік салада ғана емес, сонымен қатар елдің де мойындауы. Біз ТМД елдерінің кеңістігінде алғаш рет осы іс-шараны Қазақстан ұйымдастыратынын мақтан тұтамыз. Тарихқа жүгінетін болсақ, Үкімет елімізде 2007-2009 жылдары Кардиология мен кардиохирургияны дамыту бағдарламасын қабылдаған болатын. Бағдарлама сәтті іске асырылды», - деді спикер.
Сондай-ақ, Юрий Пя биыл жүректің алғашқы трансплантациясы жүргізілген сәттен бастап бес жыл өткенін атап өтті.
«Жүректің алғашқы трансплантациясы Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда алғаш рет жасалған болатын. Алайда, әлем бойынша ол 50 жыл бұрын жасалған. Сол себепті біз осы бағытта жылдам қозғалуымыз қажет», - деп атап өтті Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының төрағасы.
Конгресс ағылшын тілінде өткізілетінін айта кету керек. Бұл іс-шараға әлемнің 50 елінен мыңнан астам қатысушы келеді деп күтіледі. Сондай-ақ, Конгреске Орталық Азиядан – 200, Еуропа елдерінен 250, ТМД-дан – 200, Америкадан 150 адам қатысады деп хабарланды. Жұмысқа 600 отандық өкіл қатыспақ.
Ақбота Күзекбай
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды -
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері -
Экология проблемаларын шешуге арналған үздік идея авторлары марапатталды -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Қазақстандық ғалымдар әзірлеген COVID-19-ға қарсы вакцина әлемдегі үздік 200 вакцина қатарына кірді -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Astana Hub 13 үздік стартап-жобаға тегін жолдама берді -
Үздік мемлекеттік қызметшілер анықталды