Мәжіліс депутаты Балхаш мыс қорыту зауытында болды

16 Тамыз, 2017 19:54
Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков іс сапармен Қарағанды облысына барды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының аймақтарға іс сапары барысында Мәжіліс депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Жамбыл Ахметбеков Балхаш мыс қорыту зауыты жұмысшыларымен кездесті.

Кездесу барысында депутат Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтылған басым бағыттарға тоқталып, өткен сессия бойынша Мәжілісте атқарылған жұмыстар төңірегінде кеңінен әңгімеледі.

Өз кезегінде зауыт жұмысшылары толғақты мәселелерді қозғады. Металлургтер әсіресе, өнеркәсіптің аса зиянды саласында қызмет етіп жүрген жұмыскерлердің жалақысын өсіру, Қазақстанның өнеркәсіптік аймақтарының экологиялық жайы, сондай-ақ, «Құрметті металлург» атағын қайтару сынды мәселелерге ерекше көңіл бөлді.

Кездесу иелері сұрақ-жауап алмасып, өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға уағдаласты.
 

Барлық жаңалықтар