Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ҚТЖ-да контейнерлік тасымалдарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды

Астанада «Қазақстан темір жолы» ҰК" АҚ даму жөніндегі вице-президенті Арман Сұлтанов Nippon Express Co., Ltd. халықаралық көлік-логистикалық компаниясының басқарма төрағасы Сугияма Тацуомен келіссөз өткізді. Келіссөз қорытындылары бойынша тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Нұр-Сұлтан 16 Тамыз, 16:13

«Қазақстан темір жолы» ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар Қазақстан аумағы арқылы еуразиялық континент елдері арасындағы контейнерлік тасымалдарды ұйымдастыру мәселелерін талқылады.  

Кездесу барысында А. Сұлтанов Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндіктері туралы ақпараттандырды. 

Компания вице-президентінің айтуынша, қазақстандық аумақта ұйымдастырылған контейнерлік поездармен жүктерді ең қысқа мерзімде тасымалдау бойынша қызметтердің толық кешені қамтамасыз етіледі. 

«Біз "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА құрлық портында жүктерді тиеуді, ресімдеу мен өңдеуді жүргізе аламыз, бұл шекара маңы операцияларын жүзеге асыру уақытын едәуір қысқартуға және контейнерлік поездардың жүру жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді», - деді А. Сұлтанов.

Тараптар Қытайдан, Жапония мен Кореядан Еуропа, Орталық Азия елдеріне Қазақстан аумағы арқылы контейнерлерде тасымалданатын жүктердің қосымша көлемін тарту мақсатында өзара іс-қимыл жасау қажеттігін атап өтті. 

Келіссөздер барысында "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА дамытуға инвестициялар тарту үшін ынтымақтастық жасаудың маңыздылығы атап өтілді. 

Кездесу қорытындылары бойынша Астанада «Қазақстан темір жолы» ҰК" АҚ мен «KTZ Express» АҚ және Nippon Express Co., Ltd. арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.





Яндекс.Метрика