Үкімет

Ауыл тұрғындарын қаржыландыруға 41 млрд теңге жұмсалады

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" арқылы биыл ауыл тұрғындарын және ауыл шаруашылығы кооперативтерін қаржыландыруға 41 млрд теңге бағыттау жоспарлануда. Бұл туралы "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ басқарма төрағасы Жандар Омаров Үкіметте өткен баспасөз конференциясында мәлім етті.
Нұр-Сұлтан16 Тамыз , 14:56

Жандар Омаров атап өткендей, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры кооперативтерді де және олардың қатысушыларын да несиелендірудің арнайы бағдарламаларын әзірледі. 

«Ынтымақ" ауыл шаруашылығы кооперативтерін несиелендіру бағдарламасы сервистік-дайындау қызметтерін ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу мақсаттарына 7 жыл мерзіміне жылдық 6%-бен 50 млн теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ағымдағы жылғы мамырдан бастап кепілге мүлік берудің оңайлатылған механизмі жұмыс істейді, мұнда несиелік қаражат есебінен сатып алынатын мүлік кепілге алынады», - деді Қор басшысы.

Бұл механизм сүт қабылдау, мал сою пункттері үшін модульдік жабдық алу кезінде және сүт таситын көліктер мен тоңазытқыштар сатып алу кезінде қолданылады.

«Мал бордақылауды ұйымдастыру үшін кооперативтерге қатысушылар 6,5 жылға 4 млн теңгеге дейін несие ала алады. Мал өсіру үшін 6,5 жылға 6 млн теңгеге дейін несие беріледі. Жалпы, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін қаржыландыруға ағымдағы жылы 41 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр», - деп хабарлады Ж. Омаров.

Жалпы, бүгінде Қор 33,3 млрд теңгені мақұлдаған, 28,4 млрд теңге сомасына 7 339 жобаны қаржыландырған. Қордың несие өнімдері кооперативтердің 99 сүт қабылдау пунктін, 27 мал сою пунктін, 29 сүт тасу көлігін, 20 тоңазытқыш сатып алуына, 13 мал сою пунктін жабдықпен толық жарақтандыруына мүмкіндік берді. 

 

Ақбота Күзекбай

Фото Шыңғыс Қаппаров




Яндекс.Метрика