- Басты
- Жаңалықтар
- Тыңайтқыштарды субсидиялаудың жаңа механизмі аграршыларға не береді
Тыңайтқыштарды субсидиялаудың жаңа механизмі аграршыларға не береді

Қайрат Айтуғановтың айтуынша, тыңайтқыштарды субсидиялаудың ескі механизмі қажетті көлемде оларды енгізуді ынталандырмайтын.

«2017жылы минералды тыңайтқыштарды субсидиялау механизмі өзгертілді, егер ол қазақстандық болса 50%-ға дейін, шетелдік болса - 30%-ға дейін субсидияландырылады. Пайыздарды алып тастадық. Жаңа механизмге сәйкес субсидия оның қай мемлекеттен әкелінгеніне қарамастан түріне қарай төленетін болады», - деп түсіндірді Қайрат Айтуғанов.
Вице-министрдің мәліметі бойынша 2016 жылы тыңайтқыштарды пайдалану 261 мың тоннаны құраса, биыл бұл көлем арта түсті, яғни, 309 мың тонна тыңайтқыш қолданылды. Жыл қорытындысы бойынша тыңайтқыштарды алдымен енгізу соңғы бірнеше жылда қажеттіліктің 14 % құрайтын болады.
Сонымен қатар, министрлік тұқым шаруашылығы бойынша өлшемдерді өзгертті.

«Бүгінде сапалы тұқыммен егін егу үлесі артты. Сұраныс үлкен, алайды біз асыл тұқымдарды тұқым шаруашылығында өсіруіміз керек деген сұрақ туындайды. Бүгінде біз 2018 жылдан бастап субсидияны қарап шықтық. Келер жылы тұқым шаруашылықтары техника алу үшін 50%-ға дейін субсидия алады», - деді бірінші вице-министр.
2017 жылы сапалы тұқым егу 1,5 есеге ұлғайды. Бірегей тұқымды пайдалану 68%-ға өсті, ал нашар тұқым 1,6 есеге қысқарды.
Бұған дейін, Қайрат Айтуғанов Қазақстан 51 мың тонна қант өндіре бастайтынын атап өтті.
Ақбота Күзекбай
Фото Шыңғыс Қаппаров
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы