Үкімет

Тыңайтқыштарды субсидиялаудың жаңа механизмі аграршыларға не береді

2017 жылдан бастап тыңайтқыштарды субсидиялаудың жаңа үлгісі енгізілді. Субсидиялаудың жаңа үлгісі мен оның аграрийлерге не беретіні туралы ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Strategy2050.kz АА тілшісінің Үкіметтегі баспасөз конференциясында қойған сұраққа жауап бере отырып кеңінен айтып берді.
Нұр-Сұлтан16 Тамыз , 13:07

Қайрат Айтуғановтың айтуынша, тыңайтқыштарды субсидиялаудың ескі механизмі қажетті көлемде оларды енгізуді ынталандырмайтын.

«2017жылы минералды тыңайтқыштарды субсидиялау механизмі өзгертілді, егер ол қазақстандық болса 50%-ға дейін, шетелдік болса - 30%-ға дейін субсидияландырылады. Пайыздарды алып тастадық. Жаңа механизмге сәйкес субсидия оның қай мемлекеттен әкелінгеніне қарамастан түріне қарай төленетін болады», - деп түсіндірді Қайрат Айтуғанов. 

Вице-министрдің мәліметі бойынша 2016 жылы тыңайтқыштарды пайдалану 261 мың тоннаны құраса, биыл бұл көлем арта түсті, яғни, 309 мың тонна тыңайтқыш қолданылды. Жыл қорытындысы бойынша тыңайтқыштарды алдымен енгізу соңғы бірнеше жылда қажеттіліктің 14 % құрайтын болады.

Сонымен қатар, министрлік тұқым шаруашылығы бойынша өлшемдерді өзгертті.

«Бүгінде сапалы тұқыммен егін егу үлесі артты.  Сұраныс үлкен, алайды біз асыл тұқымдарды тұқым шаруашылығында  өсіруіміз керек деген сұрақ туындайды. Бүгінде біз 2018 жылдан бастап субсидияны қарап шықтық. Келер жылы тұқым шаруашылықтары техника алу үшін 50%-ға дейін субсидия алады», - деді бірінші вице-министр.    

2017 жылы сапалы тұқым егу 1,5 есеге ұлғайды. Бірегей тұқымды пайдалану 68%-ға өсті, ал нашар тұқым 1,6 есеге қысқарды.

Бұған дейін, Қайрат Айтуғанов Қазақстан 51 мың тонна қант өндіре бастайтынын  атап өтті. 

Ақбота Күзекбай 

Фото Шыңғыс Қаппаров 




Яндекс.Метрика