- Басты
- Жаңалықтар
- 100 жаңа есім: Ақбөбек Ерғалиева
100 жаңа есім: Ақбөбек Ерғалиева
El.kz хабарлағандай, дзюдо, панкратион, грепплинг күшті, қайратты талап ететін жекпе-жек түрі. Ақбөбек жарыс барысында бірнеше рет жарақат алып қалған болатын.
Бірақ бұл қиындықтар оны мойытпады, қайта спортқа деген құлшынысын арттырып, жаңа тынысын ашты. Оның тынысы - шәкірт тәрбиелеу болды. Қазір Ақбөбек Индер балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдо-күресінің жаттықтырушысы болып қызмет етеді.
Шәкірттері арасында республикалық, облыстық жарыстарда оза шауып, бәйге алып жүргендері баршылық. Мысалы, 10 жасар Оралбаева Сабина облыстық біріншілікте 2-орынға ие болды. Ал одан ересектеу Сейтқалиева ақерке, Орынғалиева Жанаргүл облыстық чемпионаттарда бірінші орындарды жеңіп, үмітін ақтауда. Ақбөбектің арманы - болашақ дзюдошы чемпиондарды тәрбиелеу.
Ақбөбектің сымбатты мүсіні мен мейірлі жүзіне қарап спорт шебері деп ойламауыңыз мүмкін. Бір үйдің кенже қызы. Кішкентай кезінде ағалары Айбек пен Мейрамға еліктеп спортпен шұғылданыпты. Ең алғаш залға апарған ағасы Айбек екен. Міне 15 жылдан астам жаттығу залы Ақбөбектің екінші үйіне айналды. Мектеп бітірген соң Батыс Қазақстан облысы Педагогика колледжіне "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығы бойынша оқуға түсті. Колледжден кейін білімін ары қарай жалғастырып, қазір Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде ("Дәуір") "Спорт" мамандығы бойынша білім алуда.
«Қазір спортқа келетін балалардың көбейгені қуантады. Біреуін ата-анасы жетектеп әкелсе, бірі өз бетімен келіп жатады. Спортта баланың тұрақтап қалуы және нәтиже көрсетуі үшін барымызды саламыз. Бірақ ең бастысы баланың бойынша қызығушылық, намыз және жүрек болуы тиіс. Жүректі бала ештеңеден қорықпайды. Көзсіз ерлікке баратындар да, жеңістің жалауын көтеретіндер де осындай жүректі балалар», - дейді Ақбөбек өз шәкірттері туралы.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді