Евразиялық одақ

ЕАЭО елдері Моңғолиядағы бизнес форумда кездеседі

Еуразиялық экономикалық одақ пен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған бизнес форум Ұлан-Баторда 2-5 қазан аралығында өтеді, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияда.
Әлемде 16 Тамыз, 15:57

Форумға  дайындық мәселелері  Алқа мүшесінің интеграция және макроэкономика  жөніндегі көмекшісі Федор Черницын мен   Моңғолияның  Ұлы мемлекеттік хурал (парламент)  депутаты , «Моңғолия-Ресей»  парламентаралық  топ төрағасының орынбасары  Бямбасурен Энх-Амгаланның басты назарында болды.

«Бірлескен бизнес форум өткізу  ЕЭК пен Моңғолия-Үкіметі – ЕЭК интеграция мен макроэкономика  жөніндегі  Коллегия мүшесі Татьяна Валовая мен Моңғолияның  сыртқы істер министрі Цендийн  Мунх-Оргил келісілген болатын», - деп хабарлады ЕЭК-те.

Кездесу аясында моңғолдық серіктестер Комиссия өкілдері мен  ЕАЭО елдерінің іскерлік ортасы өкілдерінің бизнес форумға кеңінен қатысуына қызығушылық білдірді.

Федор Черницын шараға қажетті ұйымдастырушылық көмек көрсетуге дайындығын айтты, шараға  ЕЭК бірқатар блок өкілдері, ЕАЭО іскерлік кеңесі, Одақ елдерінің өкілдері  қатысады деп күтілуде.

«Жұмыс тобы аясында  бірлескен күшіміз  бен бизнес форумды моңғолдық тарап жағында өткізу  кооперациялық байланысты кеңейтуге  мүмкіндік беріп, ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы жаңа келісімдерге жол ашады», - деді ол. 





Яндекс.Метрика