• Басты
  • ШҚО-да 30 өндіруші мектеп формасын тігумен айналысады
16 Тамыз, 2017 14:34

ШҚО-да 30 өндіруші мектеп формасын тігумен айналысады

Шығыс Қазақстан облысында 30-дан астам өндіруші мектеп формасын тігумен айналысуда, деп хабарлады atameken.kz.

ШҚО-да 30 өндіруші мектеп формасын тігумен айналысады | Strategy2050.kz

Өңірде 2017-2018 жылдарға арналған мектеп формасы көрмесі аясында 14 өндіруші кіші, орта және жоғары сынып оқушыларына арналған мектеп формасының үлгілерімен таныстырды. Әрбір компания 20-дан астам тауар атауын дайындады. Бұдан бөлек, спорт киімі, трикотаж киімдер, мұғалімдерге арналған киімдер де ұсынылды. 

«Біздің облысымызда 658 мектеп бар, жыл сайын 170 мыңға жуық оқушыны киіндіру үшін шығысқазақстандықтар 2 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсайды, осы ретте мектеп формасының 90%-ға жуығы жақын шетелден әкелінеді және тек 10%-ы ғана өңірімізде шығарылады», - деп атап өтті ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.

Жергілікті кәсіпорындар өткен жылдан бастап қана мектеп киімі нарығына кіре бастады. Оған ҚР білім және ғылым министрінің міндетті мектеп формасын енгізу туралы бұйрығы ықпал етті. 

«Отандық өндірушілер үлесі әзірше төмен. Бірақ біздің өндірушілеріміз құны жағынан да, сапасы жағынан да импорттық тауарлардан кем емес. Жергілікті тауар өндірушілерді таңдаған кезде біз отандық өндірісті қолдап, жергілікті бюджетті толықтырып қана қоймай, сонымен қатар, шығарылатын өнімнің сапасын бақылап, мектеп формасының шығарылымына белгілі бір талаптар да қоя аламыз, сондай-ақ, қажет болған кезде наразылық білдіріп, кемшіліктердің жойылуын талап ете аламыз», - деп қосты ол.

Мектеп оқушылары үшін мектеп формасын шығару және оларды қамтамасыз етуге отандық тауар өндірушілерді тарту аясында мектеп формасының қажеттілігіне мониторинг жүргізіледі. 2017-2018 оқу жылында мектеп формасын енгізген мектептердің саны - 395 (60,0%). Бүгінгі күні мектеп формасының бір жиынтығының орташа құны 5 мыңнан 18 мың теңгеге дейін. 

Айта кету керек, өңір экономикасын дамыту үшін басым мәселелердің бірі мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, жүйе құрушы кәсіпорындар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамтуды дамыту арқылы отандық тауар өндірушілерді қолдау болып табылады. 

Еске сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігі өз бұйрығымен орта білім ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіткен болатын. Бұл бұйрыққа "Атамекен" ҰКП-ның мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алу қажеттігі туралы ұсынысы енгізілген. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды