Үкімет

АШМ: Қазақстан отандық қант өндірісін арттырады (ФОТО)

Өсімдік шаруашылығында егін алаңдарын әртараптандыру жүзеге асырылуда. Осының есебінен қоректендіру өнімдері мен отандық қант шығару қарастырылған. Бұл туралы ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Үкіметтегі баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан16 Тамыз , 12:11

«2015 жылдың қорытындысы бойынша біз 3 пайыз қант қызылшасын шығардық, одан қант өндіріледі, және ол тек Қазақстанда ғана шығарылады. Қалған  97 пайыз өнімді алыс шетелден жеткіздік.  Әртараптандырылу жүргізілді, жыл санап Алматы, Жамбыл облыстарының алаңдары артуда.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, бүгінгі таңда қантты  солтүстік өңірлерге отырғызу басталды. Екі жыл ішінде  солтүстік өңірлерде  400 га қант қызылшасы өндірілді.

«Биылғы жылы жүргізілген  әртараптандыру  қоректендіру азығын  1,2 есеге, майлы дақылды  1,3 және  отандық қантты өндіруді   1,4 есеге арттырады. Біз қазақстандық қанттың  51 мың тоннасын өндіреміз. Жыл санап көрсеткіш артуда», - деді Қайрат Айтуғанов.

Айта кетейік, баспасөз конференциясы аясында  ауыл шаруашылығының  бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов, Қазақстанда соңғы жылдары  астық сапасы мен өсімді арттыру шаралары неліктеп  нашарлап кеткендігін түсіндірді.

Ақбота Күзекбай

Фото: Шыңғыс Қаппаров 




Яндекс.Метрика