- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Айтуғанов: Біз бидай сапасын арттыру бойынша түбегейлі шаралар қабылдадық
Қ.Айтуғанов: Біз бидай сапасын арттыру бойынша түбегейлі шаралар қабылдадық
Бірінші вице-министр атап өткендей, себептердің бірі 2014 жылы бірегей және асыл тұқымдарды субсидиялауды алып тастау болды.
«Егер, 2011 жылы сыртқы нарықта сұранысқа ие үшінші сұрыптағы бидайдың сапасы 88% құраса, 2016 жылы ол екі есе төмендеп, 44% құрады. Біз бұл жүйедегі проблемаларды анықтап, түбегейлі шараларды қабылдадық», - деді Қ. Айтуғанов.
Спикер толықтырып кеткендей, ҚР АШМ-да ағымдағы жылы бірегей және асыл тұқымдарды қайта қалпына келтірілді.
«Нәтижесінде, қабылданған шешім бойынша 2017 жылы сапалы тұқым егу 1,5 есеге ұлғайды. Бірегей тұқымды пайдалану 68%-ға өсті, ал нашар тұқым 1,6 есеге қысқарды. Сондай-ақ жерді тыңайту механизмі де өзгерді. Бұл фермерлерге жерді тыңайтуды елдің сапасы мен бағасына қарай таңдауға және тыңайтқыштардың түрлерін арттыруға мүмкіндік туғызды. 2016 жылы тыңайтқыштарды пайдалану 261 мың тоннаны құраса, биыл бұл көлем арта түсті, яғни, 309 мың тонна тыңайтқыш қолданылды. Жыл қорытындысы бойынша тыңайтқыштарды алдымен енгізу соңғы бірнеше жылда қажеттіліктің 14 % құрайтын болады», - деді вице-министр.
Осы жылғы күзгі егіс алқаптары жұмысы үшін республика бойынша қажетті дизельдік отын көлемі 393,9 мың тонна деп анықталып отыр, оның ішінде Ақмола облысы үшін 70 мың тонна, Қостанай облысы үшін 76 мың тонна, ал Солтүстік Қазақстан облысы үшін 75 мың тонна.
Қазіргі уақытта Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстанда астық жинау жүріп жатыр.
Биылғы жылғы 15-тамыздағы есеп бойынша 38% аумақ ретке келтірілді, соғылған астықтың алғашқы салмағы 1,8 млн тонна болса, орташа өнімділігі гектарына 20,2 ц құрады.
Жалпы министрліктің хабарлауынша, республика бойынша биылғы жылы масақты дақылдар орташа есеппен гектарына 12,6 ц жетеді деп болжануда, ал астықтың жалпы жиыны 19 млн тоннадан асады.
Акбота Кузекбай
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары