- Басты
- Жаңалықтар
- Алматының кәсіпкерлікті қолдау Картасына 100 жоба енді
Алматының кәсіпкерлікті қолдау Картасына 100 жоба енді
Алматы қаласының әкімдігі хабарлағандай, 2015 жылдан құны 35,6 млрд. теңге болатын және 2,7 мың жаңа жұмыс орнын құратын 33 жоба жүзеге асырылуда. Барлық кәсіпорындар жоспар бойынша жұмыс істеуде, олардың жүктемесі 70% және одан да жоғары. Жыл аяғына дейін жалпы құны 59 млрд. теңге болатын және 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашатын тағы 22 жоба қолға алынады.
Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай «БЖК 2020»бағдарламасы аясында 2015 және 2016 жылдары 2,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуды қамтыған 448 жоба орындалды. Соның арқасында 15,5 мың жұмыс орны сақталды. Биыл субсидия, грант және кепілдікке 4,4 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде 1,6 мың жұмыс орны ашылды, 7,3 мың жұмыс орны сақталды.
««Жібек жолы» өңірлік бағдарламасына 2015 жылдан «Даму» қорымен бірген тепе- теңдік негізде 175 жобаны қолдау үшін 10,7 млрд. теңге бөлінді. Бағдарламаға қатысушылар 2016 – 2017 жылдары 1,2 млрд. теңге салық төледі, 550 жаңа жұмыс орнын ашты,1,2 мың жұмыс орнын сақтап қалды», - делінген хабарламада.
Жеті айдың қорытындысы бойынша қалада ШОБ субьектілерінің қатары 7,3% -ға өсіп, 172,9 мыңға жетті. ШОБ жұмыс істейтіндердің саны 2017 жылдың бірінші тоқсанында 581 мың адамды құрап, 2,4%-ға өсті.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары