ҚР ИИДМБ

Алматының кәсіпкерлікті қолдау Картасына 100 жоба енді

Индустриалды-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматының кәсіпкерлікті қолдау Картасына құны 190 млрд. теңге болатын әрі 12 мың жаңа жұмыс орнын құратын 100 жоба енген.
Алматы қаласы16 Тамыз , 12:36

Алматы  қаласының әкімдігі хабарлағандай,  2015 жылдан құны 35,6 млрд. теңге болатын және 2,7 мың жаңа жұмыс орнын құратын 33 жоба жүзеге асырылуда. Барлық кәсіпорындар жоспар бойынша жұмыс істеуде, олардың жүктемесі 70% және одан да жоғары. Жыл аяғына дейін жалпы құны 59 млрд. теңге болатын және 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашатын тағы 22 жоба қолға алынады.

Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай «БЖК 2020»бағдарламасы аясында 2015 және 2016 жылдары 2,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуды қамтыған 448 жоба орындалды. Соның арқасында 15,5 мың жұмыс орны сақталды. Биыл субсидия, грант және кепілдікке 4,4 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде 1,6 мың жұмыс орны ашылды, 7,3 мың жұмыс орны сақталды.

««Жібек жолы» өңірлік бағдарламасына 2015 жылдан «Даму» қорымен бірген тепе- теңдік негізде 175 жобаны қолдау үшін 10,7 млрд. теңге бөлінді. Бағдарламаға қатысушылар 2016 – 2017 жылдары 1,2 млрд. теңге салық төледі, 550 жаңа жұмыс орнын ашты,1,2 мың жұмыс орнын сақтап қалды», - делінген  хабарламада.

Жеті айдың қорытындысы бойынша қалада ШОБ субьектілерінің қатары 7,3% -ға өсіп, 172,9 мыңға жетті. ШОБ жұмыс істейтіндердің саны 2017 жылдың бірінші тоқсанында 581 мың адамды құрап, 2,4%-ға өсті.

 




Яндекс.Метрика