Білім беру

Қызылорда облысында «Мектепке жол» акциясы аясында 520 балаға көмек көрсетілді

Қызылорда облысы бойынша «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру жоспарына сәйкес «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» ұранымен 1 тамыздан басталды.
Қызылорда 16 Тамыз, 15:31

Облыс әкімдігі хабарлағандай,  барлық білім беру мекемелерінде мөлтекаудандар бойынша балаларды тіркеу, есепке алу шаралары ұйымдастырылуда. Құқық қорғау органдары, мектеп психологтары, білім қызметкерлері бірлесе отырып, базарлар, саяжайлар, вокзалдар, көңіл көтеретін орындарда рейдтік тексерулер жүргізуде.

Бүгінгі күні Қызылорда қаласы мен аудандар бойынша бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен 520 балаға көмек көрсетіліп отыр.  

 





Яндекс.Метрика