ШҚО-да 2017 жылы БЖК-2020 аясында 123 жоба субсидияланған

16 Тамыз, 2017 11:34
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында ШҚО-да 2010 жылдан бастап 116,6 млрд теңге сомасына 819 жоба субсидияланған, төленген субсидиялар сомасы 10,9 млрд теңгені құрады.

Өңір әкімдігінің мәліметі бойынша, 2017 жылы 13,4 млрд теңге сомасына 123 жоба субсидияланған, төленген субсидиялар сомасы 920,8 млн теңгені құраған. 

Шығыс Қазақстан облысы субсидияланған жобалардың саны бойынша республика бойынша 1-орын алады. 

Субсидиялаумен облыстың барлық өңірлері қамтылған, жобалардың ең көп саны Өскеменде - 334,  Семейде - 186, Зырянов ауданында - 71, Глубоковский ауданында - 44,  Риддер қаласында - 42, Бородулихинский ауданында - 23 жоба.

Сондай-ақ, 8,4 млрд теңге сомасына 247 жоба кепілдендірілген, ұсынылған кепілдіктер сомасы 3,76 млрд теңгені құрайды. 

2017 жылы 522,6 млн теңге сомасына 74 жоба кепілдендірілген, несиелер сомасы - 896,7 млн теңге.

Кепілдіктер саны бойынша Шығыс Қазақстан облысы республика бойынша 1-орын алады.

Бұдан бөлек, 222,9 млн теңге сомасына 79 жоба бойынша грант берілген (ағымдағы жылы қазан айында беру жоспарланған); моноқалаларда 892,9 млн теңге сомасына 256 шағын несие берілген (ағымдағы жылдан бастап моноқалаларда шағын несиелерді беру Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда).

2017 жылы «Бизнес - Кеңесші» және «Бизнес - Өсу» компоненттері бойынша әлеуетті және жаңадан бастаған кәсіпкерлерді бизнесті жүргізу негіздеріне оқыту және консультациялық сүйемелдеу бойынша қаржылай қолдау аясында 582 адам оқудан өткен, ШОБ топ-менеджментін оқуға 36 кәсіпорын басшысы қатысқан. 

"Қолданыстағы бизнесті жүргізуді сервистік қолдау" жобасы шеңберінде 2320 бірегей клиентке 4477 сервистік қызмет көрсетілген. 

БЖК-2020 бағдарламасы аясында облыс кәсіпкерлері 2016 жыл ішінде барлығы 7,9 млрд теңге сомасына салық төлеген  (2015 жыл ішінде - 5,9 млрд теңге), сондай-ақ, 210,0 млрд теңге сомасына (204,2 млрд теңге) өнім шығарылған, 674 жаңа жұмыс орны ашылған (463 жаңа жұмыс орны). 

Барлық жаңалықтар