Өңірлер

БҚО-да спорт алаңдарының құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Орал қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарын тексерді.
Батыс Қазақстан 16 Тамыз, 11:16

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, биыл 72 шақырымға созылған  62 көше асфальтталады.  Жол құрылысына 8,1 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ,  507 млн теңгеге  20 көшенің жөнделуі жүргізіледі, екі  гүлзарды  жаңғыртуға  166 млн теңге бөлінді.

Айта кетейік, биыл  спорт алаңдарының құрылысы басталды. Олардың жоспарланған  саны-17,  ал аталмыш мақсатқа  бөлінген қаржы  764 млн теңгені құрады.

Аталмыш жұмыстарды бақылау барысында Алтай Көлгінов  қала әкімі Мұрат Мұқаев пен  оның орынбасары Бағдат Азбаевқа жұмысты күзге дейін бітіруді тапсырды.

 





Яндекс.Метрика