- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында 4 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты
Маңғыстау облысында 4 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты
Облыс әкімдігі хабарлағандай, жұмыс берушілермен өткен мәжілісте бала туудың жоғары көрсеткіштері, халықтың көші-қонының артуы, тұтастай алғанда облыстағы еңбек нарығының ахуалына айтарлықтай ықпал ететіндігі атап өтілді.
Өңір - республика бойынша 2-ші орында тұрған ең жас өңірлердің бірі. Облыс тұрғындарының орташа жас мөлшері - 27,6 жас.
Облыста экономикалық белсенді халықтың тұрақты өсу үрдісі сақталуда, олардың саны 2015 жылдың басында 261,8 мың адамды құраса, 2017 жылдың 1 тоқсанында 280,1 мың адамға жетті немесе 18,3 мың адамға артты (өсім 107%).
Жұмыспен қамтылған халықтың саны 17,7 мың адамға өсті. Өңірдегі жұмыспен қамтылудың құрылымы бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандарға қарағанда жалдамалы еңбекпен қамтылғандар саны артық. Жұмыссыздық деңгейі төмендеген, 2015 жылғы 5,1%-дан 2017 жылғы 1 тоқсанда 4,9%-ға дейін, жастар жұмыссыздығының деңгейі 2015 жылғы 5,6 %-дан 2017 жылғы 1 тоқсанда 4,2%-ға дейін.
2015 жылы барлық жұмыспен қамтылғандар қатарынан 4394 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды немесе 43,1%, 2016 жылы - 7406 адам немесе 53,6%. Бұл жұмыспен қамту шараларының тиімділігін көрсетеді. 2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша тұрақты жұмыс орындарына 3986 адам орналастырылды немесе 69%.
Халық арасында өңірдің жұмыспен қамту органдарына сенімі артуда: 2015 жылғы кезеңде өңірлік жұмыспен қамту орталықтарына 60,5 мың адам хабарласса, 2013-2014 жылдарғы кезеңде тек 28,5 мың адам жүгінген.
Сапар барысында Светлана Жақыпова Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының және Ақтау қаласының жұмыспен қамту орталығының жұмысын көрді. Вице-министр өңірлік кәсіпкерлер палатасының, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" шағын қаржылық ұйымының басшылығымен, Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының қатысушыларымен өткен кездесуден соң Арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығына барды. Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне мүгедек әйелдерге арналған тігін цехының жұмысы таныстырылды.
Аймақ активімен өткен мәжілісте облыс әкімінің орынбасары Шолпан Илмуханбетова Маңғыстау облысының әкімдігі тарапынан мемлекеттік бағдарламалардың барлық бағыты белсенді іске асырылып жатқандығын, "Атамекен" ӨКП-мен бірлесіп жұмыс берушілердің, шағын және орта бизнес субъектілері күшінің жұмылдырылғанын, кәсіпкерлікті дамыту бағытында бюджет қаржысының айтарлықтай бөлігі жұмсалып жатқандығын, сонымен қатар қосымша шаралардың да қолға алынып жатқандығын келтірді.
2017 жылғы 26-27 мамырда Маңғыстау облысында қоныстандыру өңірлері - Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары өкілдерінің қатысуымен Ерікті қоныс аудару форумы өтті. Форум аясында Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және Мұнайлы ауданында халықпен кездесулер мен бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Оларда әлеуетті қоныс аударушыларға 3500 мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Форумның қорытындысы бойынша 169 отбасы қоныстандыру өңірлеріне көшуге ниет білдірді.
Биыл Ерікті қоныс аудару бағдарламасы шеңберінде Үкімет айқындаған өңірлерге 13 отбасы көшті (4 отбасы/17 адам – Павлодар, 2 отбасы/10 адам – Қостанай, 6 отбасы/26 адам – Шығыс Қазақстан және 1 отбасы/4 адам – Солтүстік Қазақстан облыстары).
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді