- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017: Украина баламалы энергетика саласындағы 100-ден астам жобамен таныстырды
ЭКСПО-2017: Украина баламалы энергетика саласындағы 100-ден астам жобамен таныстырды
Украина ЭКСПО-2017 көрмесінде баламалы энергетика саласының 100 астам зерттемесі мен жобаларын таныстырды. Солардың ішінде - күн және жел энергетикасының жобалары, биомассадан алынатын энергия өндірісінің жобалары, микро және шағын ГЭС жобалары.
Бұл жобалармен ЭКСПО көрмесіндегі Украина секциясы ұсынып отырған интерактивті ақпараттық-іздеу жүйесі арқылы танысуға болады. Қазақстандық және әлемдік қоғамдастықтың украиналық зерттемелер мен жобаларға, әсіресе, жел энергетикасына деген зор бизнес-қызығушылығы табысты ынтымақтастықтың ары қарай дамуына деген үмітті күшейтіп отыр.
«Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымын ұлғайтудың келешегі айқын. Біріншіден, бұл сауда айналымының қалпына келтірілуіне байланысты, ал екіншіден, баламалы энергетика саласындағы ынтымақтастық үшін жаңа тауашалардың пайда болуы себеп. Украинаның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы бизнес белсенділікті арттыра түсті. Келесі жылы біз осыны тауар айналымының өскелең сандарымен растайтынымызға сенемін. Алғашқы қадам жасалды. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі төрт украиналық зерттемені іріктеп алып, оны ел ішінде ары қарай қолдануды көздеп отыр. Бұл жалпы қуаттылығы 2 және 2,5 МВт «Фурлендер Виндтехнолоджи» компаниясының жел генераторлары, «PassiveDom» компаниясының дербес модульдік үйі, «Солар Гепс» фотоэлектрлі пердешелер және «Синеко» күн энергиясының шоғырлануы негізіндегі коллектор секілді жобалар», - деді ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Украина павильоны комиссарының қызметін атқарушы.
Бүгінде Украина посткеңестік аумақтағы елдер арасында жел энергетикасы бойынша көшбасшы болып саналады. 2016 жылғы жағдай бойынша Украинадағы жел энергетикасы нысандарының жалпы қуаттылығы 437,7 МВт. Бұл Украинада қабылданған, тіпті, әлемдік өлшем бойынша, өте жоғары жасыл тарифтерге байланысты. Қазірдің өзінде ол өндірілген энергияның киловатт*сағ. үшін 10 еуроценттен де артық болып отыр. Оған қоса, Украина аумағында ЖЭК арналған құрал-жабдықтарды өндіруді ынталандырудың бонустық жүйесі қарастырылған. Егер құрал-жабдықтағы украиналық үлес 30% асса, тапсырыс беруші жасыл тарифке 5% мөлшердегі үстемеге, ал украиналық үлес 50% асқанда, 10% үстемеге ие болады.
Мысалы, «Фурлендер Виндтехнолоджи» украиналық компаниясы құрал-жабдықтарының жергілікті үлес дәрежесі 50% асып отыр, сондықтан оның тапсырыс берушілері үшін жасыл тариф электр энергиясының өндірген әр киловатт*сағ. жалпы алғанда 11,3 еуроцент құрайды.
«Фурлендер Виндтехнолоджи» украиналық зауыты – посткеңестік аумақта мультимегаваттық кластағы жел қондырғыларын өндіретін жалғыз кәсіпорын.
Компанияның ерекше мақтанышы – 2015 жылы «Самрұқ-Энерго» АҚ қазақстандық мемлекеттік көпсалалы энергетикалық холдінгісінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасында іске қосылған алғашқы заманауи жел паркі. «Фурлендер виндтехнолоджи» компаниясы жел паркін жобалау кезінде Солтүстік Қазақстанға тән -40º С бастап +40º С дейінгі кең температуралық диапозонда жұмыс істей алатын бірегей құрал-жабдықтарды қолданған. Ерейментау қ. орнатылған ЖЭС жалпы қуаттылығы 45,1 МВт құрайды. Жоба үшін әрқайсысының қуаттылығы 2,05 МВт құрайтын22 жел қондырғысы өндірілген.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады