- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да Кәсіпкерлік палатасы 3 мыңнан астам кәсіпкерге қызмет көрсетті
ОҚО-да Кәсіпкерлік палатасы 3 мыңнан астам кәсіпкерге қызмет көрсетті
Оның сөзінше, кәсібін дөңгелетіп жүргендер көбінде жер телімін алу мен салық төлемдеріне қатысты және кедендік рәсімдер жүргізу бойынша көмек сұрап жатады екен.
Сондай-ақ түрлі тексерулер мен орынсыз айыппұл салу жағдайлары да кәсіпкерлерді шаршатып отыр. Осындай келеңсіздіктерді болдырмас үшін енді Кәсіпкерлік палатасы арнайы «call-орталығының» қызметі мен watshap желісі арқылы байланыс нөмерін ұсынып отыр. Яғни кез-келген бизнес өкілі өзін мазалаған сұрақтар мен ұсыныс пікірлерін хабарласып, айта алады.
«Бизнес-жоспарды тегін жасап береміз. Сонымен қатар, қандай қаражат құжаттарын жинау керек, оны да толықтай түсіндіріп, кәсіпкермен бірге жинаймыз. Себебі, қазіргі таңда шаруалар ол туралы біле бермейді. Сол себептен, біздің мақсатымыз аудандарға тікелей көмектесу, осы жобаларды жүргізіп, қаржысын алып беру», - деді ОҚО Кәсіпкерлік палатасының директоры Асқар Әбубакіров.
Бұдан бөлек, Асқар Әбубәкіров палата ішінен Қытай елімен кәсіпкерлік байланысты нығайтуға көмектесетін маман барын хабарлады. Күншығыс елінде 20 жыл бойы тұрған азамат енді күнгейлік кәсіпкерлерге сауда жасау мен құжаттар рәсімдеуге де қолғабыс ететінін айтып отыр.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды