- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл егіс алқабы 22,1 млн гектарды құрады
Биыл егіс алқабы 22,1 млн гектарды құрады
Жиынға Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарындағы әкім орынбасарлары – ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері, аграрлық сала ғалымдары мен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер қатысты.
Жиында осы жылы егіс алқабы 22,1 млн. гектарды құрайтынын, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда 651 мың гектарға көп екені айтылды. Ал, жаздық егіс 18,7 млн. гектар.
Биылғы жылы АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында егістік алаңын әртараптандыру басталғанын айта кету керек.
Қажетті дақылдар алаңы (зығыр, рапс, күнбағыс, жасымық, ноқат, арпа, сұлы, қант және дәндік қызылша) 1 млн гектарға ұлғайды.
«Әртараптандыру саясаты субсидиялау механизмін өзгертуге оң ықпал етті. Атап айтқанда, гектарлық субсидиядан шектеліп, мемлекеттік қолдауды өнімге және өңдеуге беру арқылы шаруаларға қолдау көрсетіледі», – деп атап өтті А.Мырзахметов.
АШМ хабарлағандай, биылғы жылы тұқым өсіру шаруашылығына бөлінген бюджеттік қаржының көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есе көбейгенін және бұл осы уақытқа дейін белгіленген бюджет шеңберінде жүзеге асқанын айта кеткен жөн. Ең төменгі мөлшердің күші жойылғаны фермерлердің субсидия алуға деген қызығушылығын арттыра түсті. Себебі, ескі сұлба бойынша тұқымның аз ғана бөлігі субсидияландырылып келген еді.
Қабылданған шешім бойынша 2017 жылы сапалы тұқым егу 1,5 есеге ұлғайды. Бірегей тұқымды пайдалану 68%-ға өсті, ал нашар тұқым 1,6 есеге қысқарды.
Сондай-ақ жерді тыңайту механизмі де өзгерді. Бұл фермерлерге жерді тыңайтуды елдің сапасы мен бағасына қарай таңдауға және тыңайтқыштардың түрлерін арттыруға мүмкіндік туғызды.
2016 жылы тыңайтқыштарды пайдалану 261 мың тоннаны құраса, биыл бұл көлем арта түсті, яғни, 309 мың тонна тыңайтқыш қолданылды. Жыл қорытындысы бойынша тыңайтқыштарды алдымен енгізу соңғы бірнеше жылда қажеттіліктің 14 % құрайтын болады.
Бұдан бөлек, егіннің фитосанитарлық қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. Көкқасқа шегірткелер үйіріне қарсы химиялық өңдеу 1,9 млн. гектар аумаққа жүргізілді.
Ағымдағы жылы республикалық бюджет тарапынан дәнді-дақылдар ауруына қарсы өңдеу шаралары қолданылды. Өңдеу көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 12 есе жоғары. Бұл өз кезегінде дәнді-дақылдар ауруларының таралуын азайтуға әсер етті әрі дәнді-дақылдардың қалыптасуына мүмкіндік туғызды.
Жалпы алғанда республика бойынша биылғы жылы масақты дақылдар орташа есеппен гектарына 12,6 ц жетеді деп болжануда, ал астықтың жалпы жиыны 19 млн тоннадан астам.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты