Өңірлер

Алматыда қаланы дамытуға қосымша қаржы бөлінді

Алматыда VI-шақырылымдағы мәслихаттың XIX- ші сессиясы барысында қаланың 2017 жылға нақтыланған бюджеті 10,4 млрд. теңге болып қабылданды. Қосымша қаржы көздері коммуналдық меншіктегі бірқатар нысандарды жекешелендіру және әкімшілік айыппұлдардан түсті.
Алматы қаласы16 Тамыз , 09:32

Қала әкімдігі хабарлағандай,  «Алматы 2020 даму» Бағдарламасының тұжырымдарына сай қаланы дамыту мен азамттардың әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қатысты өзгеріс енгізілді.

Бүгінгі күні Алматыда негізгі көрсеткіштер бойынша өсім динамикасы қалыптасқан. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында ІӨӨ алдын ала жасалған мәлімет бойынша 3%-ды құрайды. Бөлшек сауда 6,8%-ға, өнеркәсіп 4,7%-ға, байланыс 4,9%-ға, тұрғын үй салу 15,6%-ға артқан. Өткен жылдың осы кезеңінде аталған салалар бойынша көрсеткіштер төмен болған еді.

Республикалық бюджетке 7 айдың ішінде 705,3 млрд. теңге түсті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 54,9 млрд. теңгеге көп. Инвестиция көлемі 235,7 млрд. теңгеге жетіп, өсім 12,2% болды.Негізгі өсім жеке инвестиция үлесінің 84% болуы арқасында қамтамасыз етілді.Биылғы жылы экономикаға тартылған мемлекеттік инвестиция көлемі 139 миллардтан 160 млрд. теңгеге жетті, жергілікті бюджеті ауқымы артып, 101 млрд. теңгеге ұлғайды.

Атап өтерлік жайт, Алматыда өткен жылы табыстар бойынша жергілікті бюджет 12,2 млрд. теңгеге, республикалық бюджет 102,6 млрд. теңгеге артығымен орындалды. Дегенмен, бюджет алымы жылдан жылға өсіп отырған.

Алматы еліміздің ең ірі мегаполисі екенін әрі көп инвестицияны қажет ететінін ескерсек, 2017 жылы қаланың бюджеттік алымы біршама азайды.




Яндекс.Метрика