ҚР Президентінің Жолдауы

Қарағанды облысында МЖӘ бойынша 22 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

Қарағанды облысында МЖӘ механизмін қолдану арқылы жыл соңына дейін жалпы сомасы 7,1 млрд теңгені құрайтын 22 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олардың 18-і – денсаулық сақтау саласында, 4-уі – мектепке дейінгі білім беру саласында. Бұл туралы облыс әкімдігінде мемлекеттік құрылымдар, мүдделі органдар мен бизнес өкілдері бас қосқан жиналыста белгілі болды.
Қарағанды 16 Тамыз, 09:13

Өңір әкімдігінің хабарлауынша, кездесуге қатысушыларды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орнатуда қандай қиындықтар кездесетіні және оларды қалай жоюға болатыны қызықтырды. 

Бүгінгі таңда барлық дерлік жобалардың құпталған сараптамасы бар. Оларға жүгіне отырып экономикалық қорытындылар әзірленеді. 

Бұған қоса, ТКШ және жол қозғалысы кауіпсіздігі саласында жалпы сомасы 4,4 млрд теңгені құрайтын үш жоба әзірленген.

МЖӘ жобаларының тізімі депутаттардың бекітуіне жақын арада өтетін облыстық мәслихат сессиясында ұсынылатын болады. Кейіннен заңға сәйкес, шарт жасау рәсімі өтеді.

"Әлемдік тәжірибе мемлекеттәік ресурстар шектеулі болған жағдайда нысандарды құру, жаңғырту, ұстау және пайдалану үшін қажетті қаржылық негіз қамтамасыз етудің балама құралдарының бірі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік болып табылады. Өзінің жыл сайынғы жолдауында Елбасы Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің дамуына үлкен назар аударады. Біздің алдымызда қойылған мақсаттарды орындау үшін бар күшімізді жұмсау міндеті тұр", - деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов. 

МЖӘ механизмдерін қолдану мекмлекетке де, бизнеске де артықшылықтар береді. Жеке секторлар үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктер мен қосымша табыс көздері ашылып жатыр. 

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және МЖӘ дамыту департаментінің директоры өзінің баяндамасында нормативтік-құқықтық базаның жаңашылдықтарына тоқтала кетті. 

"Инвесторлардың анағұрлым кең тобын жұмылдыру үшін «МЖС ҚазОрталығы» АҚ сайтының платформасында министірлікпен МЖӘ жобалары бойынша Бірыңғай ақпараттық базасы іске қосылды. Ол қажеті жоқ бірнеше кезеңдерді жоюға, келісімшарт және ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырысты тіркеу мәселелерін реттеу, сондай-ақ үлгілік жобаларды стандарттауға арналған «бағдарламалық» МЖӘ енгізуге септігін тигізеді", - деді ол. 

Баяндамашының айтуынша, бұл шараларды қолдану арқылы МЖӘ жобаларының жоспарлау мерзімі 40 жұмыс күніне дейін қысқарады – 135 күннен 95 күнге дейін. 

Сонымен қоса, «Ақ кітап» әдістемесі құрылған, онда МЖӘ бойынша анағұрлым жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды табуға болады.

Қарағанды облысында МЖӘ механизмін қолдану арқылы жыл соңына дейін жалпы сомасы 7,1 млрд теңгені құрайтын 22 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олардың 18-і – денсаулық сақтау саласында, 4-уі – мектепке дейінгі білім беру саласында.

Облыс әкімі өзінің орынбасарларына ұсыныстар әзірлеп, жұмыс тобына жолдауды тапсырды.





Яндекс.Метрика