- Басты
- Жаңалықтар
- Швейцария Президенті: Жастар мемлекет болашағына атсалысуы керек (ЭКСКЛЮЗИВ)
Швейцария Президенті: Жастар мемлекет болашағына атсалысуы керек (ЭКСКЛЮЗИВ)
«Мен Астанада жүргеніме қуаныштымын. Менің алғаш алған әсерлерім өте жақсы. Ал, ЭКСПО-2017 көрмесін аралаудан алған әсерімді тіптен жеткізуім мүмкін емес. Мен оның қаншалықты жоғары деңгейде екенін сезіндім. Қазақстандық павильонға тәнті болдым, ол өзінің әдемілігімен, ауқымдылығымен, сәулетімен және ақпаратымен таңқалдырды», - деп алған әсерлерімен бөлісті Швейцария Президенті.
Д. Лойтхард атап өткендей, Швейцария өз жетістіктеріне табандылығы мен еңберқорлығының арқасында жеткен.
«Швейцария Президенті ретінде мен елімнің болашағына деген үлкен жауапкершілікті сезінемін. Мен үшін қайтадан сайланған Президент ретінде бұл аса үлкен құрмет. Менің елімнің тарихы бай, және біз президенттер оның өсімін жалғастыруға ұмтыламыз», - деді Швейцария басшысы.
Сонымен қатар, ол мемлекетті кім басқарып отырғанында, әйел болсын не ер азамат болсын еш айырмашылық жоқтығын айтып, нәзік жандыларды басшылық қызметтерге ұмтылуға шақырды.
«Мемлекетті кім басқарып отырғанында еш айырмашылық жоқ – ер азамат немесе әйел. Әрине, әйел үшін бұл қиынырақ, алайда бізді қабылдайды және басқаруға болады. Сондықтанда әр әйел затын бизнесте, саясатта болсын ер азаматтар сияқты басшылық қызметке ұмтылуға шақырамын», - деді Д. Лойтхард.
Швейцария Президенті атап өткендей, олардың елі күн энергиясы саласында инновациялық және технологиялар орталығы болып табылады.
«Швейцария күн энергиясын зерттеу саласында айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Біздің университеттер мен компаниялар көптеп жаңа техналогияларды жасақтауда және Қазақстан оны өз қажеттлігіне қарай бейімдеп пайдалана алады. Біз баршаға ашықпыз. Қазақстан біздің сенімді серіктесіміз. Бізге сіздердің қоғамдарыңыз, экономикаларыңыз бен ұстанатын саясаттарыңыз ұнайды», - деді Д. Лойтхард.
Сұхбат соңында Швейцария Президенті мемлекеттің болашағындағы жастардың роліне тоқталды.
«Біз Қазақстанның осы аймақта бейбіт мемлекет болып қалғанын қалаймыз, сіздердің ресурстарыңыз көп, сіздірдің жолдарыңыз болған. Сонымен қатар, жастар мемлекет пен ғаламшардың өміріне белсенді атсалысуы керек. Менің ойымша Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің үлесі зор болады», - деп түйді Д. Лойтхард.
Қайрат Жандыбаев
Видео Арман Мұхатов
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады