EXPO-2017

Африка елдері Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын

Африка өзге елдермен дипломатиялық қарым-қатынасты нығайтуға әзір, атап айтсақ, Қазақстанмен, деді Бас комиссар Сьерра Леоне Филипп Конте ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Африканың Ұлттық күні аясында.
Нұр-Сұлтан 16 Тамыз, 08:46

Африка – жедел әрі сенімді дамып жатқан  континент,  өзге елдермен дипломатиялық  қарым-қатынасты  нығайтуға дайын.  Африка континенті  дамудың  инвестициялық ортасы болып саналады.

Өз сөзінде  комиссар Сьерра Леоне Филипп Конте африкалық материктің  экономикалық өсімінің оң нәтижесі туралы айтып,  ЭКСПО-2017  Қазақстанмен ынтымақтастық жасауға  жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.

«Бізде жылдам гүлденіп жатқан экономика  бар,  өндіріс пен  жеке сауда белсенді дамуда.  Статистика бойынша,  2016 жылы  ЖІӨ  2,2 пайызға артты,  биыл ол  3,4 пайызды құрады,  2018 жылы 4,4 пайызға жетеді.  Біз барлық инвесторларға  ашықпыз, ынтымақтастық жүргізуге дайынбыз.  Біздің ЭКСПО-2017-ге қатысуымыз  барлық қатысушы елдермен  өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді», - деді  Филипп Конте.

 Өз кезегінде ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев, Қазақстан  африкалық континент елдерімен ынтымақтастық орнатуға ерекше көңіл бөледі.  Оның айтуынша,  қазіргі таңда Қазақстан  Африканың  45 елімен ынтымақтастық орнатқан.  Сондай-ақ, өз баяндамасында ол Африканың ЭКСПО-2017-ге қатысуы  елдер арасындағы өзара тиімді  қарым-қатынасты дамытуға септігін тигізетінін айтты. 





Яндекс.Метрика