- Басты
- Жаңалықтар
- Үндістан 2022 жылға қарай баламалы энергияның генерация қуаттылығын арттырады
Үндістан 2022 жылға қарай баламалы энергияның генерация қуаттылығын арттырады
Әлемде Үндістанның ғарыш, ақпараттық технология мен фармацевтика саласындағы жетістіктері мойындалған.
Олардың ішінде «Цифрлық Үндістан», «Икемді Үндістан», «Ақылды қалалар», «Таза Үндістан» бағыттары бойынша бағдарламаларды атап өткен жөн.
«Мен Қазақстанды ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін сәтті өткізуімен шын жүректен құттықтаймын. Үндістанның таза энергияға ұмтылуы адамның жағдайы мен табиғи ресурстарды тиімді қолдану өте тығыз байланысты. Осы себеп бойынша Үндістан баламалы энергия генерациясын 2022 жылға қарай 175 ГВт-қа арттырады. Халықаралық күн альянсы Франциямен бірігіп әлемдегі күн революциясына қатысады», - деді Үндістан елшісі.
Халықаралық күн альянсы 2015 жылдың 30 қарашасында БҰҰ Париж Конференциясында климатты өзгерту бойынша қабылданды. Идеяны әлемнің 120 елі қолдады. Альянс ЭКСПО-2017 көрмесінің басты тақырыбын қарастырады, энергетикалық қауіпсіздікті қолдау бойынша жаңа шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов айтып өткендей, үнді технологиясы көрмеге аса үлкен үлес қосады.
«ЭКСПО-2017 тақырыбы – «Болашақтың энергиясы» адамзат үшін маңызды мәселе болып табылады. Біздіңше, көрменің бастамалары мен ғылыми жетістіктері әлемнің дамуына жаңаша әсер етеді. Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас, оның ішінде энергетикалық сала бойынша жыл санап артуда», - деді А.Қамалдинов.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, Үндістанның ұлттық павильоны күн энергиясына негізделген.
-
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
COVID-19: Әлем елдері Үндістанға көмек қолын созуда, ал Түркия мен Пәкістан жаппай локдаун енгізбекші -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді -
COVID-19: Үндістанда ауырғандар саны 11 млн-нан асты, Финляндияда электронды сертификат беріледі -
ҚР ҚК-дегі жауынгерлік даярлық сан-эпид ахуалға қарай жүргізіледі -
Коронавирус әлемде: Еуропада жаппай вакцинациялау басталды, АҚШ пен Үндістанда аурудың таралуы күрт өсті -
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды -
2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы ұсынылды -
COVID-19: Әлем елдері карантин шараларын күшейтіп жатыр, Израиль локдаунды екінші рет енгізді