EXPO-2017

Үндістан 2022 жылға қарай баламалы энергияның генерация қуаттылығын арттырады

Ел Үкіметі энергияның баламалы көздері саласында бірқатар маңызды бағдарламаларды іске қосты, сондай-ақ, экономикалық тұрақты өсімді ілгерілендіру де қарастырылады. Бұл туралы Үндістанның Қазақстандағы елшісі Харш Кумар Джайн ЭКСПО-2017 аясында Үндістанның Ұлттық күнін тойлау барысында айтты.
Нұр-Сұлтан 15 Тамыз, 20:17

Әлемде Үндістанның  ғарыш, ақпараттық технология мен  фармацевтика саласындағы   жетістіктері мойындалған.

Олардың ішінде «Цифрлық Үндістан», «Икемді Үндістан», «Ақылды қалалар», «Таза Үндістан» бағыттары бойынша  бағдарламаларды атап өткен жөн.

«Мен Қазақстанды  ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін  сәтті өткізуімен  шын жүректен құттықтаймын. Үндістанның  таза энергияға  ұмтылуы адамның жағдайы мен табиғи ресурстарды  тиімді қолдану өте тығыз байланысты. Осы себеп бойынша Үндістан баламалы энергия генерациясын  2022 жылға қарай  175 ГВт-қа арттырады.  Халықаралық күн альянсы  Франциямен бірігіп  әлемдегі күн революциясына қатысады», - деді Үндістан елшісі.

 Халықаралық күн альянсы  2015 жылдың  30 қарашасында  БҰҰ Париж Конференциясында климатты өзгерту бойынша қабылданды.  Идеяны әлемнің  120 елі  қолдады. Альянс ЭКСПО-2017 көрмесінің басты тақырыбын қарастырады,  энергетикалық қауіпсіздікті қолдау бойынша жаңа шешім   қабылдауға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов айтып өткендей, үнді технологиясы  көрмеге аса үлкен үлес қосады.

«ЭКСПО-2017 тақырыбы – «Болашақтың энергиясы»  адамзат үшін маңызды мәселе болып табылады.  Біздіңше, көрменің бастамалары мен ғылыми жетістіктері әлемнің дамуына жаңаша әсер етеді. Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас, оның ішінде   энергетикалық сала бойынша жыл санап артуда», - деді А.Қамалдинов.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ  баспасөз қызметі хабарлағандай,  Үндістанның ұлттық павильоны  күн энергиясына негізделген.  





Яндекс.Метрика