Адами капитал

Еліміздің көрікті жерлер картасына Қарағанды облысының 27 нысаны енгізіледі

Қарағандыға Қазақстанның барлық тарихи-мәдени нысандарын оқшаулау картасына арналған материалдарды жинақтаумен айналысатын экспедиция келіп жетті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды 15 Тамыз, 20:48

 Экспедиция құрамында геодезияшы-картограф Азамат Кәмиев, 3D-фотограф Евгений Волков және ҚазМҒЗИ аға ғылыми қызметкері Түгелбай Бекбергенов бар. 

«Бізге еліміздің барлық көрнекті жерлерінің шоғырланған картасын құру ойы келді. Ол арқылы кез-келген ниет білдіруші біздің әсем табиғатымызды, тарихи-мәдени нысандарымызды көре алады. Біз барлығын түсіреміз – театрлар, мұражайлар, монументтер, ескерткіштер, стеллалар, қажылық орындар», - дейді экспедиция жетекшісі Түгелбай Бекбергенов. 

Оның айтуынша жобаның мақсаты – тарихи-мәдени нысандарды, сондай-ақ Қазақстандағы қажылық жерлерді зерттеу және олардың жалпы тізімін құрастыру. Экспедиция географиялық координаталар бойынша картографиялау үшін, нысандарды видео және фотоға түсіру, олардың сипаттамасын жасау үшін сол орындарға барады. Материалдар әзірленеді жәнеде бірыңғай картаға жинақталады. Ол электронды және қағаз түрінде де шығарылатын болады. 

«Біз қарапайым адамдар бара алмайтын жерлерді көрсететін боламыз. Оларға барар жолдар өте күрделі. Ол үшін арнайы экспедициялар ұйымдастырылады. Алайда біз жобаны аяқтаған соң, кез-келген ниет білдірушілер интернет арқылы киелі орындарды көріп, біле алатын болады», - дейді экспедицияның 3D-фотографы Евгений Волков. 

«Бізде сапалы кәсіби материалдар болады. Адамдар үйлерінен шықпай-ақ Қазақстанның барлық ескерткіштерін аралап, сондай-ақ Республикамыздың жетістіктерінің дәлелдері болатын құрылыстарты да көру мүмкіндігіне ие болады», - деп мәлімдейді Түгелбай Бекбергенов.

Бірыңғай және толық картаны құрудың арқасында елімізге ағылатын туристік ағымның көлемі, сәйкесінше туризмнен түсетін табыс та өседі деп күтілуде. Жобаның бюджеті 15 млн теңгені құрады. Қазақстанның картасына 450 нысан енгізіледі.

Олардың 27-і Қарағанды облысында орналасқан. Келешекте картаны толықтыру жоспарлануда. Түсірілім жұмыстарын күзге дейін аяқтап, ал картаның өзін келесі жылы көруге болады.





Яндекс.Метрика