Үкімет

Е.Сағадиев талапкерлерге қосымша грант бөлу туралы түсініктеме берді (ВИДЕО)

Үкімет отырысы аясында оқу орындарына бюджеттік орынға түспей қалған талапкерлерге қосымша грант бөлу туралы ҚР БҒМ Ерлан Сағадиев түсініктеме берді.
Нұр-Сұлтан 15 Тамыз, 17:51

«Республикалық комиссия жан-жақты қарастырып, қосымша гранттар бөліп, дұрыс шешімге келді деп есептеймін. Биыл комиссияның жұмысына ата-аналардың өкілдері қатысты және олар грант бөлу үдерісінің ашықтығын өздері көрді», - деп атап өтті Е. Сағадиев.

Оның сөзіне қарағанда, биылғы оқу жылында терең өзгерістер болмайды.

«Білім саласындағы ең маңызды шешімдер былтыр қабылданып, ағымдағы жылы сол жұмыстарды ары қарай жалғастырамыз», - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, Үкімет отырысында білім және ғылым министрі елімізде білім гранттары қалай бөлінетіні туралы кеңінен айтып берді.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика