Рухани жаңғыру

"Рухани жаңғыру": Ақмола облысында қорған құрылыстары зерттеліп жатыр

Ақмола облысында 2017 жылы бес қорған құрылысы зерттелді, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ақмола 15 Тамыз, 18:57

"Археологтар күні" мерекесін атап өту қарсаңында Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығында 2017 жылы облыстық археологиялық экспедиция антропогендік фактор салдарынан бұзылып жатқан археология ескерткіші - қола дәуіріне жататын XVIII Кеңөткел қорымында зерттеу жұмыстарын жүргізгенін хабарлады. Қорғау-құтқару жұмыстары 11 жыл бойы жүргізіліп келеді. 2017 жылы бес қорған құрылысы зерттелді.

Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының ақпараты бойынша, мұнда аумақтың шағын учаскесінде 200-ден астам археология ескерткішінің шоғырлануы осы орынның бірегейлігін білдіреді.

Археологиялық зерттеулер барысында көрсетілген қорғандар бұрын тоналғаны анықталды. Бес қорған құрылысының үшеуінде кремация элементтері бар. Екі қорған құрылысында адам қаңқалары табылған. 

Барлығы геометриялық орнаменттері бар әр түрлі пішіндегі 9 керамикалық ыдыс табылды.

Анықталған артефакттар Қазақстан тарихы бойынша одан әрі зерттеу және Ақмола өңірін жалпы әлемдік мәдени кеңістікке енгізу үшін қажет болады. 

Ақмола облысының аумағында қазіргі уақытта 1700 археология ескерткіші бар деп есептеледі. Барлық ескерткіштер 20 ғасырдың ортасында ашылып, ғылыми айналымға енгізілген. Археология ескерткіштері негізінен Зеренді, Еңбекшілдер, Бұланды, Атбасар, Ерейментау аудандарында шоғырланған. 





Яндекс.Метрика