Үкімет

Б. Сағынтаев Фиджи Республикасының Премьер-Министрімен кездесті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Астана қаласына үш күндік жұмыс сапарымен келген Фиджи Республикасының Премьер-Министрі Джосайа Вореке Байнимарамамен кездесті.
Нұр-Сұлтан 15 Тамыз, 15:52

Рrimeminister.kz хабарлағандай, кездесу барысында экономика, туризм, ғылым және білім берудің түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Елдер арасындағы экспорттық-импорттық операциялардың мүмкін бағыттары қаралды. 

16 тамызда ФР Премьер-Министрі Джосайа Вореке Байнимараманың қатысуымен Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінде Фиджи Республикасының Ұлттық күнінің ашылуы жоспарланған. 





Яндекс.Метрика