- Басты
- Жаңалықтар
- Қытайлық кәсіпкерлер ОҚО-да күн электр станциясын салады
Қытайлық кәсіпкерлер ОҚО-да күн электр станциясын салады

Кездесу барысында жергілікті билік аталған жобаны жүзеге асыруға қажетті 300 гектар жер телімін бөліп, барлық инфрақұрылымдық қажеттіліктермен қамтамасыз етіп беретін болып келісілді. Сондай-ақ екіжақты келісімге сәйкес станцияны «Күн нұры» деп атау ұйғарылды.
«Соңғы жылдары әлемде энергетикалық қауіпсіздік мәселесі бірінші орынға шықты. Осыны ескере отырып біз оңтүстік өңірінен күн электр станциясын салуды жөн көріп отырмыз. Өйткені бұл өңірде күн ерекше ыстық әрі бұлтты күндері өте аз болады. Жобаға жұмсалатын шығындарымыз өтеліп болғаннан соң станцияны өздеріңізге қайтаратын боламыз», - деді Минг Ие мырза.
Қонақтардың ұсыныстарына қолдау білдірген өңір басшысы аймақтағы электр энергиясына деген сұраныстың жыл санап артып отырғанына тоқталды.
«Бүгінде Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі тақырыбы – жасыл экономика. Яғни болашақтың энергиясын іздеу және баламалы көздерін табу әрі пайдалану болып отыр. Осыған орай сіздердің ұсыныстарыңызды толық қолдаймын. Қажетті жер телімі бөлініп, инфрақұрылымдық қажеттіліктермен қамтамасыз етіп беретін боламыз. Оңтүстік Қазақстан облысының шамамен 300 күні бұлтсыз болады. Бұл жобаны жүзеге асыруға өте тиімді», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Бүгінде облыстың экономикалық даму қарқыны жоғары, аймақта өндіріс орындары көптеп ашылып, инновациялық бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Осының барлығы электр энергиясына деген сұранысты арттыратыны сөзсіз. Энергетикалық қауіпсіздік ең алдымен энергетикалық тәуелсіздікке байланысты екенін ескерсек, Оңтүстік өңірінде баламалы энергетика нысандарын салу аса маңызды болып отыр.
Кездесу қорытындысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов пен қытайлық «Циндао Бэйхай» компаниясының өкілі Минг Ие екіжақты энергетика саласы бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі меморандумға қол қойды. Тараптар инвестициялық жобалардың өзара тиімділігін ескеріп, жобаны іске асыруға дайын екенін білдірді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары
-
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді
-
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары
-
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары
-
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді
-
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары
-
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет
-
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда
-
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады
-
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы
-
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту

