EXPO-2017

ЭКСПО-2017 көрмесіне 19 мемлекеттің басшысы келді

Екі айда ЭКСПО-ға 22 мемлекет пен үкімет басшысы келді, деп хабарлады көрменің медиа-орталығы.
Нұр-Сұлтан 15 Тамыз, 17:13

2017 жылдың 10 маусымы мен тамыздың 14 аралығында «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне-қатысушы-елдердің халықаралық павильонына жалпы алғанда 17 млн келіп кету тіркелген. Келушілер арасында мына елдердің павильондары  аса танымал болды: Африка плазасы - 659 452 келіп кету, Мысыр - 608 733, Түркия - 596 462.

Халықаралық көрме жұмыс істеген екі айдың ішінде 66 Ұлттық күн және 4 Арнайы күн өтті. 160-қа жуық тақырыптық шаралар (конгресстер, конференциялар, форумдар, шеберлік-сыныптары)өткізілді. Атап өтерлік жайт, ЭКСПО-2017 көрмесіне 22 мемлекет пен үкімет басшысы, сонымен қатар 78 сыртқы істер министрлері  келді.

Бұдан басқа, аталмыш кезеңде 84 495 дана лицензияланған өнім 131 767 992 теңгеге сатылды.  537,8 тонна өнім көрме жұмыс істегелі әкелінді. Ал, қоғамдық тамақтануға келетін болсақ 558, 7 мың адамға қызмет көрсетілді. Тауар айналымының жалпы сомасы   905,7 млн. теңгені құрады.

Мәселен, қазіргі таңда ЭКСПО қалашығында 5181 адам тұрады. Ал, күні бүгінге дейін (екі айда) 15416 қонақ орналастырылды.

Осы ретте статистика көрсетіп отырғандай, екі ай бойы көрме жұмыс істегелі медициналық көмекке 4864 келуші жүгінді, оның ішінде 49 адам ауруханаға жатқызылды. Медициналық көмекке иек артудың негізгі себептері: аллергия, дене қызуы мен қан айналымы жүйесінің аурулары. 





Яндекс.Метрика