- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҰЭМ: Үкімет көрсетілетін қызметтер экспортын ілгерілету бойынша жұмыс жүргізеді
ҚР ҰЭМ: Үкімет көрсетілетін қызметтер экспортын ілгерілету бойынша жұмыс жүргізеді
Басым тізімге көлік, туризм, білім беру және медицина саласында көрсетілетін қызметтер енді.
«Көлік бойынша, ең алдымен, Еуропа мен Қытай арасында тауарларды жеткізу жөніндегі транзиттік әлеуетті есепке алу қажет, ол Қытайдың батыс өңірлерінің озық өнеркәсіптік өсуімен және Қытайдың шығыс порттары арқылы жүк тасымалдау құны мен артық жүктелу проблемасымен түсіндіріледі. Сондай-ақ, жеткізудің анағұрлым қысқа мерзімін талап ететін өнімдер үлесінің өсуімен Қытайдан Еуропаға жеткізілетін тауарлар ағымы құрылымының өзгеруі күтіледі», - деді Тимур Сүлейменов.
Сондай-ақ, энергия ресурстары транзиті жоғары үлеске ие болады.
«Туризм бойынша. 2017 жылы Қазақстан New York Times дайындаған 52 ел рейтингінде 26-орынды иеленді. Қазақстан бірегей табиғи ресурстар мен тарихи-мәдени мұраға бай, бұл елдің ДЭФ-тің туризм бойынша рейтингіндегі (қауіпсіздік және баға бойынша бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері бойынша) туристік қызмет көрсету экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті министр.
Қаржы және іскерлік қызметтер саласында Халықаралық қаржы орталығын құру және дамыту осы қызмет көрсету секторын дамытудың стимулына айналуы тиіс, деп қосты Т. Сүлейменов.
«Білім беру секторы бойынша. Қазақстан 170 мың шетелдік студентті оқытуға қабілетті. Бүгінде қазақстандық тоғыз жоо QS рейтингіне еніп, 275-орыннан бастап +701-орынға дейін иеленді», - деп атап өтті ҚР ҰЭМ басшысы.
Медициналық сектор әлеуеті жайында айта келе, Тимур Сүлейменов Ұлттық медициналық холдингтің бес қазақстандық медициналық орталығы JCI халықаралық аккредиттеуінен өткенін мәлім етті.
«Медициналық орталықтарда халықаралық деңгейге сәйкес келетін жоғары технологиялық қызметтер көрсетіледі. Қазақстан жүрекке жоғары технологиялық операция жасайтын әлемнің 22 елінің қатарына енді. Бүгінгі күні 20 мыңнан астам шетелдік пациент қазақстандық медициналық мекемелерде көмек алуда», - деп баяндады ол.
Қазақстан ғарыш саласындағы көрсетілетін қызметтерді көрші елдерге экспорттайтын болады.
«2014 жылы «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесі (ҒБЖ) коммерциялық пайдалануға енгізілді. Қызмет көрсету аймағы «KazSat» сериясына жататын ғарыш аппараттарының спутниктік сыйымдылығын ұсыну бойынша қызмет көрсетулерді экспорттауға мүмкіндік береді. Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан нарықтары анағұрлым басым болып келеді. Осы қызметтің экспорттық әлеуеті 2,2 млн АҚШ долларына жуық», - деді ведомство басшысы.
Министр хабарлағандай, перспективалы «экспорт себеті» тауарларының экспорты үшін бағытты анықтау кезінде көліктік қолжетімділік, елдер импорты мен Қазақстан экспорты құрылымының сәйкестік индексі, елдер импортының өсімін болжау және талданатын елдердің қазақстандық шикізаттық емес тауарларының импорт көлемі критерийлері ескерілді.
«Нәтижесінде, қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізудің перспективалы нарықтары ретінде 27 ел анықталып, олар Қазақстан үшін экспорттық мүдделілік деңгейі бойынша басым, жоғары және орташа экспорттық мүдделілік елдеріне және ұзақ мерзімді болашақта мүдделілік танытатын елдерге бөлінген», - деп түйіндеді Тимур Сүлейменов.
Ақбота Күзекбай
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы