EXPO-2017

Астанада маңғыстаулықтар 40 мәдени шара өткізеді

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанада Маңғыстаудың мәдениет күндері өтеді. Облыстың мәдениет күндері 15 тамыз күні сағат 21:30-да ЭКСПО алаңындағы амфитеатрда басталады. Қарт Каспий елінің 40 мәдени шарасына 567 өнерпаз қатысады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Ысқақов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Нұр-Сұлтан 15 Тамыз, 15:32

«Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов ашылу салтанатына қатысып, маңғыстаулық өнер иелері А.Қосанова, Т.Асар, К.Жолдыбаева, Ғ.Жолдасбай, Л.Жолдасовтардың концертімен жалғасады», - делінген хабарламада.  

Сонымен қатар, өңірдің қылқалам шеберлерінің жұмыстары көрмеге қойылады. Ал, 16 тамызда «Шабыт» шығармашылық сарайында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушановтың «Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ» атты шығармашылық кеші өтеді. 17 тамыз күні сағат 16:00-де Этно-ауылда этнографиялық театрландырылған мәдени шараның ашылуы мен ұлтық салт дәстүр, ұлттық спорттық ойындарына қатысатын 273 өнерпаздың өнерін тамашалауға болады.  Сондай-ақ, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының «Шыңырау» спектакльі 18 тамыз күні сағат 19:00-де  жоспарланған.

15-18 тамыз аралығына жоспарланған Маңғыстау облысының мәдени күндері Этно-ауыл аймағында  20 қолөнер шеберінің 233 кәсіби ұжымы мен әртістерінен құралған топтың өнері қорытындылайды. 





Яндекс.Метрика