• Басты
  • Бас прокуратурада "Электронды қылмыстық іс" жобасы таныстырылды
15 Тамыз, 2017 15:14

Бас прокуратурада "Электронды қылмыстық іс" жобасы таныстырылды

ҚР Бас прокуратурасында "Е-қылмыстық іс" жобасы таныстырылды.

Бас прокуратурада "Электронды қылмыстық іс" жобасы таныстырылды | Strategy2050.kz

Ведомствоның ақпараты бойынша, Жоғары Соттың, ІІМ, Қаржы министрлігінің, МҚІСҚА өкілдерінің қатысуымен өткен ведомствоаралық жиналыста бірқатар өңірлерде Электронды қылмыстық істі және оның пилоттық сынақтан өткізілуін енгізу мәселелері талқыланды.

Жоба Елбасының елімізде цифрлық технологияларды дамыту туралы Жолдауы аясында жүзеге асырылуда. Осы мақсатпен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті бюджеттен қосымша шығынсыз "Е-қылмыстық іс" бағдарламасын әзірледі.

Бағдарлама қылмыстық процестің қылмыстың тіркелуінен бастап, оның тергелуі және үкім орындалғанға дейінгі барлық сатысын қамтиды.

"Цифрлық технологияларға көшкен жағдайда, қоғамның жанына батып жүрген біраз проблемалары шешіледі. Олар өздігінен жойылады. Сондықтан осыған үлкен мән бөлініп отыр", - деді ҚР бас прокуроры Жақып Асанов.

Бағдарламаның сапалы енгізілу мақсатында ағымдағы жылғы 11 тамызда жоғарыда аталған ведомстволармен бірлескен бұйрыққа қол қойылып, ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

Ағымдағы жылғы 15 тамыздан бастап бағдарлама бірінші болып Астанада және Жамбыл облысында, 10 қыркүйектен бастап – Атырау және Шығыс-Қазақстан, ал 20 қыркүйектен бастап – Батыс және Оңтүстік-Қазақстан облыстарында сынақтан өткізіледі.

"Электронды қылмыстық іске" көшу нәтижесінде қылмыстық істі бұрмалау болмайды, істер жоғалмайды, сондай-ақ, ол қажеті жоқ, артық қағаздан құтылуға мүмкіндік береді. Электронды форматқа көшсек, істер тезірек тергелмек. Жүйеде 100 шақты іс жүргізу құжаттарының үлгісі болады. Соттан санкцияны электронды түрде алуға болады.

Бұдан бөлек, аналитика күшейеді. Әрбір қылмыстық іске терең үңіліп, мемлекет бойынша біркелкі практика қалыптастыруға мүмкіндік ашылмақ. Жәбірленуші, айыпталушы, адвокат істің қалай тергеліп жатқанын кез-келген уақытта онлайн режимде көре алады. Сонымен қатар, электронды шағымдар модулі жұмыс істей бастайды. Тараптар тергеушінің іс-әрекетіне шағым келтірсе, оны прокурор бірден онлайн тексере алады.

"Бағдарлама бөгде адамдардың, соның ішінде жүйенің әкімшілерінен қылмыстық іс материалдарына рұқсатсыз қол жеткізуінен жоғары дәрежелі қорғайды. Істің материалдарына қол жеткізу тек қана істі жүргізетін тергеушіде және прокурорда болады.", - делінген ведомствоның хабарламасында.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды