Үкімет

Қазақстанда Инвестициялық жобалар картасы енгізіледі

Инвесторлармен тиімді жұмыс істеу және жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларға мониторнг жүргізу үшін Инвестициялық жобалар картасы енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР инвестициялар мен даму министрі Жеңіс Қасымбек хабарлады.
Нұр-Сұлтан 15 Тамыз, 12:41

«Инвесторлармен тиімді жұмыс істеу үшін және жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларға мониторнг жүргізу үшін ақпараттық-мониторингтік жүйеге интеграцияланған Инвестициялық жобалар картасы енгізіледі. Карта екі бөлімнен тұрады: инвесторларға ұсыну үшін әлеуетті инвестициялық жобалар және инвесторлар тартылып қойған жүзеге асырылып жатқан жобалар», - деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, Инвестициялық жобалар картасы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысына бақылау жасайтын және меморгандардың, ұлттық компаниялардың, әкімдердің жұмысының тиімділігін бағалайтын басты құрал болады.

Бұдан басқа, Ж. Қасымбек Стратегия аясында қойылған міндеттемелерді сапалы жүзеге асыру мақсатында СІМ-мен, шекарадан тыс мекемелелермен, салалық министрліктермен, ұлттық компаниялармен және әкімдіктермен  нақты уақыты мен жауапкершілік аймақтары бекітілген өзара жұмыс істеу механизмі енгізілетінін жеткізді.

«Әр қайсысының өзінің міндеті, индикаторы мен жұмыс істеу жоспары болады.  Дүниежүзілік банкпен пилоттық аймақ ретінде Қостанай облысы бекітіліп, Стратегияны жергілікті деңгейде жүзеге асыру бойынша аймақтық жоспар жасақталды», - деді ол.

Бұған дейін, Үкіметтің отырысы барысында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегияның қалай әзірленіп жатқаны жайында айтып берді.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика