• Басты
  • ОҚО-ның 130 студенті Рудный қаласында "Серпін-2050" бағдарламасы аясында оқитын болады
15 Тамыз, 2017 14:58

ОҚО-ның 130 студенті Рудный қаласында "Серпін-2050" бағдарламасы аясында оқитын болады

Соңғы екі жыл ішінде "Серпін-2050" бағдарламасы бойынша Рудный индустриялық институтында 250 студент, оның ішінде ОҚО-дан 200-ге жуық студент білім алған. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың жоо ректоры Әбдірахман Найзабековпен кездесуі барысында белгілі болды.

ОҚО-ның 130 студенті Рудный қаласында "Серпін-2050" бағдарламасы аясында оқитын болады | Strategy2050.kz

Профессордың айтуынша, биыл Оңтүстік Қазақстан өңірінен тағы 130 студент  Рудныйға аттанып, білімін жалғастырады деп күтілуде. Оқу орнын бітірген түлектердің 95-98 пайызы мамандығы бойынша жұмысқа орналасатынын жеткізген профессор онда жастар үшін барлық жағдайдың жасалғанын мәлімдеді.

Әкіммен өткен басқосудан соң Ә.Найзабеков Шымкенттегі Жастар орталығында бірқатар талапкерлермен кездесті. Ректор жастарды Солтүстікте білімін жалғастырып, сонда жұмысқа орналасуға шақырды.

ОҚО әкімдігінде хабарлағандай, кездесуде тараптар еліміздегі білім беру жүйесі мен оған мемлекеттен жасалып жатқан қамқорлық жайын сөз етіп, осы мәселер аясында жүзеге асырылып жатқан түрлі бағдарламалар туралы әңгімелесті.

Облыс басшысы өңіріміздегі жастарды «Серпін-2050» бағдарламасы аясында Солтүстіктегі өзі басқаратын оқу орнына шақыра келген қонақтың ұсынысын құп көріп, оны жүзеге асырудың жай-жапсарын талқылады.

Тарихы ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастау алатын Рудный Индустриалдық институты бүгінде техникалық ғылым саласында инфрақұрылымы дамыған заманауи ғылыми-білім кешені болып табылады. Институт құрамында – 3 факультет (тау-металлургиялық факультет, энергетика және ақпараттық жүйелер факультеті, экономика және құрылыс факультеті) пен 7 кафедра бар. Студенттерді оқыту жалпы орта, техникалық және кәсіби, жоғары білім базасында күндізгі, кешкі және сырттай оқу нысаны бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде 18 бакалавр мамандықтары бойынша жүргізіледі.

Айта кетейік, жалпы соңғы 3 жылда Оңтүстіктен «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша ЖОО-да 4698 студент, колледждерде 929 студент білім алуда.

Ал 2017 жылы «Серпін-2050» бағдарламасы аясында ЖОО-на 3793 мемлекеттік грант, ал колледждерге 720 грант бөлініп отыр. 23-31 шілде аралығында мемлекеттік грант иегері атануға өңіріміздің жас түлектерінен «Серпін» жобасына 7849 құжат тапсырылған.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды