Үкімет

ҚР Премьер-Министрі 1 қыркүйекке дейін барлық мектептерде тамақтандыру және оқулық мәселесін шешуді тапсырды

Ағымдағы жылы бірінші сыныпқа 380 мың бүлдіршін барады. Сонымен қатар, бүгінде 20-дан астам жаңа мектеп салынды және тағы жаңа 35 мектепті ҚР БҒМ 1 қыркүйекке дейін іске қосуды жоспарлап отыр. Жаңа 2017-2018 оқу жылына дайындық барысы туралы ведомство басшысы Ерлан Сағадиев Үкімет отырысында есеп берді.
Нұр-Сұлтан 15 Тамыз, 11:15

«Білім мәселесі бойынша маңызды шешімдер өткен жылы қабылданды және ағымдағы жылы біз өз жұмысымызды жалғастырамыз. Бірінші сыныпқа 380 мың бүлдіршін барады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,5 мың балаға көп. Сонымен қатар, бүгінде 20-дан астам жаңа мектеп салынды және тағы жаңа 35 мектепті ҚР БҒМ 1 қыркүйекке дейін іске қосуды жоспарлап отыр. Күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған 300 мектепте олар аяқталды. Тағы 410 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық жұмыстар 25 тамызға дейін аяқталады, деп бізге барлық аймақтар есеп берді», - деді Е. Сағадиев.

Ол толықтырып кеткендей, студенттерді қабылдау бойынша жоспарға 345 мыңнан астам адам есептелінген, бұл өткен жылдың деңгейіне сай. Министр атап өткендей бұл саладағы мәселелер бойынша тұжырымдамалық шешімдер өткен жылы қабылданып қойған.

«Мектептерде басты міндет өткен жылы бастау алған жаңа білім беру құрамына көшуді жалғастыру. Ағымдағы жылы қосымша екінші, бесінші және жетінші сыныптар өтеді. Сонымен қатар, масштабты пилот өз бастауын алады, 15 мыңнан астам мұғалім өз пәндерін ағылшын тілінде өзткізе бастайды. Оның барлығы 2019 жылға дайындық аясында жүзеге асырылуда. Оқулықтарды 2 бағыт бойынша даярлау жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Алайда мен барлық әкімдерді осы мәселе бойынша осы аптада өзерінде тыңдау өткізуін сұраймын», - деп шақырды министр.

Ерлан Сағадиев хабарлағандай, маңызды бағыттардың бірі қамқоршылық кеңестің астында мектептердің академиялық басқарушылық қаржы тәуелсіздігін жоспар бойынша кеңейту.

«Әкімдер осы мәселені өз бақылауларына алып, қамқоршылық кеңестің дұрыс құрылуын қамтамасыз етуі керек. Олардың құрамына белсенді қоғам өкілдерін, маслихат депуттары мен БАҚ өкілдерін енгізу керек. Бақытжан Әбдірұлы жаңа құрамға көшуге байланысты ұстаздардың бір апталық жүктемесін азайту бойынша ұсыныс пен дәйектемелер келтіріп отырмыз, сіздің көңіл бөлгеніңіз керек», - деп толықтырды ол.     

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев барлық әкімдерге жаңа оқу жылы басталғанға дейін мектептерді тамақпен және оқу құралдарымен қамтамасыз етуді тапсырды.

«Министрдің баяндамасынан көріп отырғанымыздай дайындық жаман емес, алайда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмағанын, кейбір аймақтарда оқушыларды тасымалдау, тамақтандыру және оқу құралдарымен қамтамасыз ету  мәселесі әлі де шешілмегенін көріп отырмыз. Сондықтанда, құрметті әкімдер 1 қыркүйекке дейін аталмыш мәселені шешулеріңізді сұраймын», - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі.

Ақбота Күзекбай

Фото Шыңғыс Қаппаров 





Яндекс.Метрика