- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа кодекс адал салық төлеушіні қорғауға бағытталатын болады – Р. Дәленов
Жаңа кодекс адал салық төлеушіні қорғауға бағытталатын болады – Р. Дәленов
Іс-шара барысында Р. Дәленов құжаттың артықшылықтары туралы баяндады.
«Индустрияландыру және экономикалық өсім» Ұлт жоспарының маңызды бағыты болып табылады. «100 нақты қадамның» жартысы аталған бағытқа арналған. Ұлттық экономика министрлігіне 4 қадам бекітіліп берілді. 3-еуі салықтық және кедендік саясатқа және 1-еуі монополияға қарсы жұмысқа қатысты. Салықтық-бюджеттік салада үш қадам көзделген: салық және кеден саясатын және ресімдерін оңтайландыру, жанама салықтар өндіру тетіктерін жетілдіру және қолданыстағы салықтық режимдерді оңтайландыру», - деді вице-министр.
Ол «Салық және кеден саясатын және ресімдерін оңтайландыру» деген 37-қадам аясында Салық және Кеден кодекстерінің жобалары әзірленгендігін атап көрсетті.
«Бүгінде өз ісін ашқысы келетін адам, салықты қалай төлейтінін білмей дал болмауы тиіс. Ол жеңіл әрі қарапайым түрде жасалуы тиіс. Сондықтан біз идеологияны өзгерту, ынталандыруды енгізу және әкімшілендіруді оңайлатуды жоспарлап отырмыз. Идеология адал салық төлеушінің мүддесін қорғауға бағытталатын болады. Барлық түсініксіз жерлері мен ауытқулар салық төлеушінің пайдасына шешілетін болады. Мұндай қағидат салықтық дауларды әділ қарауға мүмкіндік береді. Егер салық төлеуші салық органының түсіндіруіне сәйкес әрекет еткен болса және соның салдарынан ұстаным өзгерген болса, айыппұлдар мен өсімпұлды қолданбау ұсынылады», - деді Дәленов.
Оның айтуынша, жеңілдіктерді жаңғыртуға қатысты, олардың тиімділігін нақты өзгерістер арқылы арттыру ұсынылып отыр. Бұл АЭА-лардағы кірістерді бөлек есептеуге, мүліктік салықтарға, әлеуметтік салықтарға және эксаумақтық режимге қатысты. Аукциондардан алым алу және кеме жүзетін су жолдарын пайдалану төлемі жойылады.
«Әкімшілендіруде қателіктерге жол берілмейді. Салық төлеуге көмектесу қажет. Тексерістердің бір бөлігін аутсорсингке беру қажет, бизнесті бизнес тексергені дұрыс. Қалған салықтық тексерістер үш бағытта жүргізіледі. Адал бөлікті тексермеу керек. Орта бөлікті тек ішінара тексеру қажет және салық төлеуге жәрдемдесу қажет. Ал «қызыл» аймақтағылар тексеруге алынуы тиіс. Кімнің қайда жататындығының нақты ережелерін белгілеу қажет. Сонда кәсіпкер «жасыл» аймақта болуға ұмтылатын болады. Электрондық фактураларды тапсырады, салалық жүктемелерден төмен емес салық төлейді, өз қызметінде ашық болады, – «жасыл» аймаққа қош келдік», - деді Дәленов.
Ол Кеден кодексі жобасының өзекті тұсы кедендік реттеуге деген жаңа көзқарас болып табылатынын баяндады. Бұл ретте, қағазға қарағанда электрониканың басым екендігі анықталып отыр. Енді СЭҚ растаушы құжаттарды қоса бермей-ақ, декларацияны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы қашықтықтан бере алады.
«Салық кодексінің қабылдануымен бірге салықтық тексерулер жеңілдейді. Салық төлеушілер оларды тексеру азаюы үшін не істеу қажет екенін анық білетін болады. Шағын және орта бизнес үшін талап қою мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқарады. Әкімшілендіру идеологиясы өзгереді, салық төлеушінің кінәсіздік презумпциясы қағидаты енгізілетін болады, бұл салық дауларын басқаша қарастыруға мүмкіндік береді», - деді вице-министр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады