- Басты
- Жаңалықтар
- Әлеуметтік жобалар аясында 250 мыңнан астам азаматқа қолдау көрсетілген
Әлеуметтік жобалар аясында 250 мыңнан астам азаматқа қолдау көрсетілген
Өңірлік конкурстардың жеңімпазы атанған 20 жоба ағымдағы жылғы қыркүйек айында елордада «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесіне ұсынылатын болады. Республикалық көрмені "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі базасында ұйымдастыру жоспарланған.
2017 жылғы үздік әлеуметтік жобалардың келесі бағыттары анықталды: «Кедергісіз келешекті қамтамасыз ету», «Мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту», «Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдау», «Қосымша әлеуметтік қолдау көрсету және мүмкіндігі шектеулі жандар арасынан жастарға бос уақытын өткізуді ұйымдастыру», «Мүгедектерді жұмыспен қамту», «Қарт, жалғызбасты және мүгедек мұқтаж азаматтарға қызмет көрсету», «Бас бостандығынан айырылған азаматтарды оңалту және әлеуметтендіру», «Қарт адамдарға қамқорлық көрсету».
Өткен төрт жылдың ішінде көрмеге 495 әлеуметтік жоба қатысып, оның ішінде 94-і өңірлік деңгейде жеңімпаз атанды.
Жалпы еліміз бойынша әлеуметтік жобалар аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған 250-ден астам азаматқа қолдау мен көмек көрсетілді.
Ағымдағы жылғы 14 тамыздан бастап бір ай бойы Министрліктің ресми сайтында «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесінің жеңімпазы 2017» атағына ие болу үшін интернет дауыс беру ұйымдастырылатын болады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді