Адами капитал

Әлеуметтік жобалар аясында 250 мыңнан астам азаматқа қолдау көрсетілген

Барлық өңірлерде үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу конкурсы аяқталды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Нұр-Сұлтан 15 Тамыз, 12:13

Өңірлік конкурстардың жеңімпазы атанған 20 жоба ағымдағы жылғы қыркүйек айында елордада «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесіне ұсынылатын болады. Республикалық көрмені "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі базасында ұйымдастыру жоспарланған.

2017 жылғы үздік әлеуметтік жобалардың келесі бағыттары анықталды: «Кедергісіз келешекті қамтамасыз ету», «Мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту», «Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдау», «Қосымша әлеуметтік қолдау көрсету және мүмкіндігі шектеулі жандар арасынан жастарға бос уақытын өткізуді ұйымдастыру», «Мүгедектерді жұмыспен қамту», «Қарт, жалғызбасты және мүгедек мұқтаж азаматтарға қызмет көрсету», «Бас бостандығынан айырылған азаматтарды оңалту және әлеуметтендіру», «Қарт адамдарға қамқорлық көрсету».

Өткен төрт жылдың ішінде көрмеге 495 әлеуметтік жоба қатысып, оның ішінде 94-і өңірлік деңгейде жеңімпаз атанды.

Жалпы еліміз бойынша әлеуметтік жобалар аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған 250-ден астам азаматқа қолдау мен көмек көрсетілді.

Ағымдағы жылғы 14 тамыздан бастап бір ай бойы Министрліктің ресми сайтында «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесінің жеңімпазы 2017» атағына ие болу үшін интернет дауыс беру ұйымдастырылатын болады.





Яндекс.Метрика