Өңірлер

Алматыда су құбырын қайта жаңартудың жаңа технологиясы енгізіледі

Алматыда қала аумағын қазуды қажет етпейтін су құбырын қайта жаңартудың жаңа технологиясы пайланылуы мүмкін. Жаңа технологияны сынақтан өткізу биылғы жылдың қыркүйегінде сумен жабдықтау және су тарту желілерінің белгілі бір учаскелерінде басталмақ.
Алматы қаласы 15 Тамыз, 10:56

«Алматы су холдингі» МҚК ақпараты бойынша шыныпластикалық қолғаппен  санация  әдісі арқылы құбырларды қайта  қалпына келтіру қолданыстағы су құбырлары мен кәріздерді қайта жаңартудың заманауи технологиясы болып табылады. Жаңа технология жерді қазбай-ақ құбырлардың қызметін 50 жылға ұзартып, оның өткізгіштік қабілетін 20%-ға арттырады, бұрынғы әдіспен салыстырғанда  жұмыс процесін 2 есеге (жерді қазу, қайта жабу) қысқартады.

Алматыда су құбырының  бұл  әдісі судан ажырату желілерінде қолданылған. Жаңа технология лайнер арқылы су құбырларын қайта жаңартуға мүмкіндік береді, мұнда ауыз суды қамтамасыз етуде зиянды деп танылған «стирол» (C₈H₈) қолданылмайды.

Атап өтерлік жайт, биылғы жылы Алматыда  57 км арық желілері, 146 км жол жөнделіп, 97 мың м2 жаяужолдар абаттандырылды, 32 км жылу жүйесі жаңартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе артық, былтыр 12 км жылу жүйесі  жаңартылған  еді. Айгерім», «Ұлжан 1,2», «Қарасу», «Ақбұлақ», «Дархан», «Құрылысшы», «Өжет», «Трудовик», «Шаңырақ 1,2», «Алтын Бесік», «Достық» және басқа  ықшам аудандарда 20 мыңнан астам үйге  380 км су және кәріз құбырлары тартылуда.





Яндекс.Метрика