- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында екі дәрігерлік амбулатория ашылды
Жамбыл облысында екі дәрігерлік амбулатория ашылды
Аталған елді мекендердің тұрғындары жаңа ғимараттарда білікті медициналық көмек алатын болады. Амбулаторияларда заманауи медициналық жабдық орнатылған барлық қажетті кабинеттер бар.
2 мыңға жуық адам тұратын Қостөбе ауылындағы дәрігерлік амбулатория бір ауысымда 15 келушіге арналған. Дәрігерге дейінгі қабылдау, терапевт, педиатр кабинеттері жұмыс істейтін болады. Өз зертханасы да бар. Жаңа мекемеде бір дәрігер, үш орта медициналық және бір әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Құрылысқа облыстық бюджеттен 60,6 млн теңге бөлінген.
Сондай-ақ Сухамбаев ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жобалық құны 61 млн теңгені құрайды. Ауыл тұрғындары жарық әрі кең үй-жайларда білікті бастапқы медициналық-санитариялық көмек ала алады.
Бұл амбулатория да бір ауысымда 15 келушіге арналған. Штатта екі дәрігер, 7 орта медперсонал және психолог жұмыс істейді.
Жамбыл облысының әкімдігінде хабарлағандай, өңірде Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, Мойынқұм ауданының Ақбақай ауылында және Мерке ауданының Ақермен ауылында тағы екі дәрігерлік амбулатория ашу жоспарлануда.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар