• Басты
  • «Алмас қылыштың» жалғасы түсіріледі

«Алмас қылыштың» жалғасы түсіріледі

15 Тамыз, 2017 09:15
Белгілі жазушы, киносценарист Смағұл Елубайдың республикалық басылымдардың біріне қазіргі қазақ киносы туралы көлемді мақаласы жарық көріпті. Онда жазушы «Алмас қылыш» фильмінің жалғасы түсірілетінін айтады.

Жазушы өзіміздің төл өнеріміз, ұлттық киномыз арқылы қоғамды тәрбиелеп, рухани жаңғыруға бетбұруымыз керек, деп есептейді. Ол Осыған дейін түсірілген біраз кинокартинаға өзінің көзқарасын білдіріпті.

«Қазақ тәрізді отызыншы жылдардағы ойраннан жер бетіне шашылып кеткен ха­лықтың Тәуелсіздік тұсында елге оралуы – ұлттық ұйысудың бір үлкен өзекті тақы­рыбы. Осы тақырыпты ашық қозғаған екі фильм биыл өндірістен шықты. Жақында олар көрерменмен қауышпақ. Оның бірі – сценарийін Нұрлан Санжар жазған, ре­жис­сер Сәбит Құрманбек түсірген, кеше ғана Еуразия кинофестиалінде бас бәйге алған «Оралман» фильмі де, екіншісі – сцена­рийін осы мақала авторы жазған, жас ре­жиссер Б.Елубаев түсірген «Оазис» фильмі. Бұл фильмнің екеуі де ең алдымен, қазақ аудиториясына арналған», - деп жазады С.Елубай.

Оның сыртында қазақтың кешегі, бүгінгі ащы тағдырын арқау еткен «Балуан Шолақ» туындысы да осы жылдың соңына дейін көрерменмен қауышпақ. Бұл фильмнің сценарийін айтулы драматург Дулат Исабеков жазып, жас режиссер Нұргелді Садығұлов түсіріп жатыр. Сондай ақ, қазақ киноөнерінің атасы Асанәлі Әшімов өзінің «чекисттік» жолын жалғастырмақ. Оны көптен бері түсіріп келе жатқан режиссер Қуат Ахметов жалғастырады.

«Жаужүрек мың баланы» түсірген талантты режиссер Ақан Сатаев биыл «Томиристі» қолға алды. Әлемге әйгілі бұл тақырып, егер Ақан ре­жиссер аман-есен алып шыға алса, Ұлы Даланың рухын көтерер тағы бір тарихи жоба болуға тиіс. Одан кейін Ахан алдағы жылы Тәуелсіз Қазақстан жылнамасының бір жарқын парағы – Астананың салынуы туралы фильмге кіріспек. Ауыр да болса, айшықты тақырып. Биыл Маңғыстауда Жаңабек Жетіруов түсірген Әбіш Кекіл­байдың «Шыңырау» хиқаяты да отандық көрерменді бейжай қалдырмауға тиіс.Қазақстандық көрерменге кең танымал режиссер Ермек Тұрсынов өз сценарийі бойынша «Киномеханик» атты фильмді, белгілі журналист Төлеген Байтүкенов «Шала­қазақ» атты фильмді түсіруге кірісті», - дейді Смағұл Елубай өз мақаласында.

Жазушының жазбасына қарағанда, биыл танымал актер әрі режиссер Болат Қалымбетов белгілі жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің «Қасқыр адам» хикаяты бойынша «Талан» атты кинодрамасын аяқтайды екен. Ал «Алмас қылыш» жалғасын табады

«Рүстем Әбдіраш болса, қазір Қазақ хандығын құрған Керей, Жәнібек та­рихын аяқтайтын «Алтын тақ» фильміне кірісті. Бұл фильмде қазақ көрермені «Алмас қылыштан» таныс тарихи кейіпкерлерімен, құдай қаласа, алдағы жыл басында қайта қауышпақ. Осынау толық емес атаулардың өзінен Мәдениет және спорт министрлігінің қолас­тындағы «Қазақфильм» ел құлағын елең еткізер елге етене жақын тақырып­тарға бет бұрғанын көреміз», - депті жазушы. Жазушы киностудия бетін отандық көрерменге бұрса, онда отандық көрерменнің де бетін қазақ киносына қарай бұратынына сенім білдіріпті.

Мақаланың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар:    https://aikyn.kz/2017/08/11/23236.html 

Барлық жаңалықтар