• Басты
  • Д.Ақышев Президентке валюта нарығының ахуалы туралы баяндады
14 Тамыз, 2017 18:19

Д.Ақышев Президентке валюта нарығының ахуалы туралы баяндады

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Д.Ақышев Президентке  валюта нарығының ахуалы туралы баяндады | Strategy2050.kz

Кездесуде Мемлекет басшысына Ұлттық банктің еліміздің қаржы секторын ілгерілету жөніндегі жұмыстарының қорытындысы туралы есеп берілді.

Қазақстан Президенті қазір ұлттық валютаның еркін айырбас бағамы саясатының жүргізіліп жатқанын айтып, Ұлттық банктің инфляция өсіміне жол бермеу жөніндегі міндетін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Д.Ақышев Нұрсұлтан Назарбаевқа валюта және қаржы нарығындағы қазіргі ахуал туралы баяндады.

«Жалпы, ахуал тұрақты. Қазір тамыз айының басында ішкі және сыртқы сипаттағы жекелеген факторлар әсерінен болған ауытқулардан кейін айырбас бағамы тұрақтанды. Алаңдауға еш негіз жоқ», – деді Ұлттық банк төрағасы.

Елбасы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды