Қазақстан мен Ресей басшылары ынтымақтастық перспективаларын талқылады

14 Тамыз, 2017 18:13
Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективасын талқылады.

Сондай-ақ, екі елдің көшбасшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

Барлық жаңалықтар